Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Әлем барысына" 5 балуанымыз қатысады

Биылғы жарыстың жүлде қоры – 30 миллион теңге.


8 қыркүйек күні қазақ күресінен Астанада өтетін "Әлем барысы" додасына қатысатын балуандарымыз белгілі болды. Жаттықтырушылық кеңестің шешімі бойынша биылғы жарысқа 5 балуанымыз қатысатын болды.

Екінші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа әлемнің 40-қа жуық елінен келген балуандар бақ сынайды. Олардың қатарында тұңғыш "Әлем барысы" бразилиялық Брайсон Видаль да бар. Бүгін Астанадағы "Mega Silk Way" ойын-сауық орталығында балуандардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді.

Астана боз кілемінде ел намысын 5 балуанымыз қорғайды. Осыған дейін биылғы "Қазақстан барысы" Еламан Ерғалиевтің қатысуы белгісіз болып келген еді. Бүгін белгілі болғандай, дзюдодан әлем чемпионатынан оралған Еламан мен Ержан Шынкеев "Әлем барысына" қатысатын болды. Сондай-ақ биылғы жарыста апайтөс балуандарымыз Айбек Нұғымаров, Айбат Сейтен мен Дәурен Нұралинов ел намысын қорғайды.

Биылғы "Әлем барысының" жүлде қоры – 30 миллион теңге. Жеңімпаз атанған балуан тең жартысын иеленеді. Екінші орын алған балуан - 5 миллион, үшінші орын алған балуан 3 миллион сыйақы алады. Сондай-ақ жүлдегерлер алтын, күміс және қола белбеулермен марапатталады.

"Әлем барысы" 8 қыркүйек күні Астанадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде өтеді. Тікелей эфирде "Qazaqstan" және "Qazsport", түріктің "TRT Avaz", Ресейдің "Матч! Планета" және "Бокс ТВ" арналары көрсететін болады.

Жарысқа келген жанкүйерлер арасында "Renault Logan" автокөлігі ойнатылатын болады.
  Пікір: 0
  0