auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Айбек Нұғымаров сарбаздармен кездесті

Айбек Нұғымаров сарбаздармен кездесті
"Әлем Барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілерімен кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, сондай-ақ, әскери қызметтің имиджі мен беделін көтеру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері "Әлем Барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаровпен кездесті.



Салтанатты жиналысқа Семей гарнизонының әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, "Жас Қыран" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері, жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығының үздіктері қатысты.
Кездесу барысында "Әлем Барысы" өзінің алдына қойған мақсатына қалай қол жеткізгенін, қандай қиындықтар мен кедергілерге тап болғанын және ол үшін Отанының патриоты болу нені білдіретінін айтып өтті.



"Еліміздің кешегі батырлары мен қаһармандары, бүгін ол сіздер, мен сіздерге сенемін.  Біздің Отанымыздың намысын спорт жарыстарында қорғаймыз, және жарыс қорытындысы бойынша Туымыздың жоғары көтерілуі және біздің Әнұранымыз ойнағанда біз мақтан тұтамыз, бұл біздің ортақ жеңісіміз. Сіздер бізді және отбасымызды қорғайсыздар және Отан алдында берген анттарыңызды әрқашан орындауға дайынсыздар. Мені сіздердің ерең еңбектеріңіз әрдайым шабыттандырады", - деді "Әлем барысы" Айбек Нұғымаров өз сөзінде.



Сонымен бірге, "Әлем Барысы" әрдайым спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға және өз Отанын жан-тәнімен сүйіп, әскери міндетін орындауға кеңес береді.

"Бүгінгі кездесу біздің әскери қызметшілерімізді, әсіресе, мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан әскери қызметшілерді тамсандырды. Қазақша күрестен қазіргі әлем чемпионы Айбек Нұғымаровпен кездесетінімізді және ол біз сияқты қарапайым жігіт болып шығатынын ешқайсымыз да ойламаған едік. Біз оның аузынан, жеңіске жету жолын естігенімізге өте қатты қуандық. Осы кездесуден кейін біздің әскери қызметшілеріміз жауынгерлік дайындықпен айналысуды бұрынғыдан жоғары ынта-жігермен жалғастырады деп үміттенемін", - деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы аға лейтенант Исламбек Қалдыбеков.



Кездесу соңында "Әлем барысы" штаб бастығы - "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Қуанышбек Уштаевпен бірге 2018 оқу жылының қорытындысы  бойынша жақсы жағынан көріне білген әскери спортшыларды және өңірлік қолбасшылықтың қоян-қолтық ұрысынан үздік спортшы кіші сержант Арахт Баяхметовты марапаттады.



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
Бүгін , 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама