auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ильин жаттықтырған Олимпиада чемпионы әлем біріншілігінде жүлдесіз қалды

Ильин жаттықтырған Олимпиада чемпионы әлем біріншілігінде жүлдесіз қалды
wfrk.kz
Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов Түрікменстан елінің астанасы Ашхабадта өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлделі орынға ілікпеді. Қос жаттығу нәтижесі бойынша 8-орын алды.

2016 жылы Рио де Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарында 77 келіге дейінгі салмақта чемпион атанған. Ал Ашхабадта IWF ережесі бойынша өзгерген 73 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.

Жұлқа көтеру жарысында Нижат Рахимов 147 келімен бар болғаны 13-орыннан көрінді. Ал серпе көтерудегі үздік көрсеткіші 190 келі болды. Үшінші мүмкіндігіне шығудан бас тартты. Қос жаттығу нәтижесінде 337 келімен 8-орынға тұрақтады.

Бұл салмақта қытайлық ауыр атлет Ши Чжиюн әлем рекордын орнатып, чемпион атанды.  Ол қос жаттығу бойынша 360 келіні (164+194) еңсерді. Күміс медальды "В" санатындағы спортшылар қатарында болған оңтүстік кореялық ауыр атлет Вон Джон Сик еншіледі. Оның нәтижесі 333 келі (153+195) болды. Қола медальды беларус Вадим Лихарад (156+187) иеленді.

Айта кетейік, Нижат Рахимов әлем чемпионатына Илья Ильинмен бірге дайындалды. Илья жарысқа қатысушылар тізіміне енгенмен, жарақатына байланысты қатыспайтыны жайлы айта кеткен болатын.

Ашхабадтағы әлем чемпионаты 1 қараша күні басталды. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 күміс медаль бар. Оны ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Арли Чонтей еншілеген еді. Ал Зульфия Чиншанло 5-орыннан көрінді. Сәуле Сәдуақасова 11-орынды місе тұтты.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
Бүгін , 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама