auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Жеңісті қолдан берген жоқпыз". Қазақ көкпаршылары өзбектерден не себепті жеңілгенін айтты

"Жеңісті қолдан берген жоқпыз". Қазақ көкпаршылары өзбектерден не себепті жеңілгенін айтты

2-8 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтті. Қазақстан спортшылары бұл ойындарда 18 алтын, 24 күміс және 30 қола медаль иеленіп, жалпы есепте 2-орын алды. Медаль саны есебінде 40 алтын, 32 күміс және 31 қола медаль иеленген Қырғызстан құрамасы үздік болды. 

Әлеуметтік желілерде қазақстандық спортшылардың көрсеткен өнеріне сын айтқандар баршылық. Әсіресе турнир фавориті саналып келген көкпаршылардың жөні бір бөлек десті жұрт. Алайда Қазақстан жартылай финалда Өзбекстан құрамасына есе жіберді. Осыдан кейін онсыз да қызып тұрған әлеуметтік желідегі дауға қырғыз БАҚ-тары түсірген видеолар май құйғандай әсер қалдырды. 

Дау неден шықты?

Мәселен, Facebook желісінде тараған видеодағы ат үстінде тұрып сұхбат берген қазақ спортшысы көптің назарына ілікті. Видеода спортшы ешқандай дайындық болмағанын, қаржыландырудың да жүргізілмегенін, сонымен қатар, ат жоқтығын мәлімдейді. 


2016 жылғы видеоның скриншоты. © Facebook.com

Алайда, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі бұл видеоның 2016 жылы түсірілгенін хабарлады.

Министр не дейді?

Фаворит саналған құрама көкпаршыларының финалға да шыға алмауын еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы екі фактормен байланыстырды. 

"Өз басым барып қатыстым, көшпенділер ойынының ашылу салтанатында қырғыз әріптестерімізбен сөйлестік. Сонда біз турнир иесінің халықаралық ережені сақтауы керек екенін айтып, жауаптыларды шақырттық. Мысалы, халықаралық ереже бойынша, шеңбер тұруы қажет, ал ұйымдастырушылар онда қазандық қойған. Бұл өте қауіпті, мәселен өткен жылы біздің спортшылар сондай қазандыққа соғылып, ауыр жарақаттар алған еді. Бүкіл әлем шеңберге өтіп жатса, жарыс иелері қайтадан қазандық салып қойған. Бұған, әрине, біз наразылық таныттық. Солайша дауласып жүргенде бір күнімізді жоғалтып алдық", - дейді министр.

Сонымен қатар, Мұхамедиұлының айтуынша, бұл додаға тәжірибе жинап қайтсын деген оймен жас спортшылар жіберілген. 

Қазақстандық көкпаршылар өз аттарымен бармаған

Желідегі сынның бір сыпырасы көкпаршылардың атсыз барғанына айтылды. Сөйтсек, Қазақстанның Ұлттық спорт қауымдастығы турнир қарсаңында Қырғызстанның "Көкбөрі" федерациясына атпен қамтамасыз ету туралы өтініш жолдаған екен. 


 

Қазақстан көкпар федерациясының президенті Ерлен Оспановтың айтуынша, Қырғыз тарапынан мұндай көмек сұраудың себебі 27 тамызда ғана аяқталған Қазақстан чемпионаты екен. 

"Дәл 27 тамызда көкпардан Қазақстан чемпионаты аяқталды, сондықтан аттарды дайындап үлгермей, Қырғыз тарапына осындай өтініш айттық. Қырғыз тарапы бізге тәп-тәуір аттарын беріп, жақсы күтіп алды. Десе де, біз бұдан уақыт жоғалттық. Жалпы айтқанда, өз атымызбен бармауымыз жеңіліс табуымызға себеп емес", - дейді Оспанов. 

 

Ал министр айтқан ойындағы шеңбер мен қазандық қоюдың ерекшелігін Қазақстан көкпар федерациясының президенті былай деп түсіндірді: 

"Халықаралық қауымдастық бар, сол қауымдастық бекіткен ереже бойынша, біз бұл турнирде қазандықсыз, яғни шеңбер арқылы ойнауымыз қажет еді. Себебі қазандыққа аттар жиі соғылып, жарақат алып жатады, спортшыларымыз да аяғын жарақаттайтын. Сондықтан ұлттық спортымызды осылай игі мақсатта модернизациялау туралы шешімге қарамастан, Шолпан-Атадағы додада ескі ережемен ойнауға мәжбүр болдық", - дейді ол.

"Жұрттың назары осы спорт түріне ауғанына қуандым"

Әлеуметтік желілерде автобус ішінде отырған қазақстандық көкпаршыларға бір ер адамның қырғыз тілінде сөйлеп тұрған видеосы кең таралды.

"Бұл спорт қой. Неменеге саясатты араластырып отырсыңдар? "Көк бөріден" неге сонша қорқасыңдар? Бұл ойын ғой, спорт қой. Жігітше ойнап, күліп жайнап кетпейсіңдер ме елдеріңе? Өзбекстан өмірі көкпар ойнаған жоқ. Қайтіп ұтылып барасыңдар елдеріңе? Қай беттеріңмен барасыңдар?", - дейді ер адам видеода.

Оспановтың айтуынша, бұл видеода Қырғызстан құрамасының өкілі Талас Бегалиев бейнеленген. 

"Бұл жігіт бір жыл бұрын біздің елге команданың жетекшісі ретінде келіп, жеңіліс тапқан еді. Содан болар, финалда біздің құрамамен ойнап, есе қайтарғысы келген сияқты. Видеодағы сөзін тыңдасақ, Өзбекстан тіпті осал команда секілді, алайда мүлдем олай емес. Өзбек құрамасында үлкен жігіттер, бізден барғандар жастар еді, оны видеодан да көре аласыздар. Спортта біреуден жеңілмеу үшін екіншісіне қасақана есе жіберу нағыз намыссыздық, біздің намысы бар жігіттер мұндайға аттап баспас еді. Жастар құрамасы қолынан келгенді жасады. Бастысы көкпаршыларымыздың видеода сабыр сақтап, эмоцияға берілмегені дұрыс болды. Себебі бұл спорт, спорт татулыққа, бейбітшілікке шақырады. Қазір әлеуметтік желілерде көп талқыланып жатқаны, бір жағынан, осы спорт түріне деген көптің ықыласы, намыстың болғаны дұрыс. Жұрттың назары осы спорт түріне ауғанына қуандым", - дейді Ерлен Оспанов.  

Осылайша Қазақстан көкпар құрамасы жартылай финалда Өзбекстаннан 4-5 есебімен жеңілді. Алайда үшінші орынға таласта отандастарымыз Мәскеу құрамасын 18-1 есебімен ойсырата жеңді. 



Көкпаршы Есжан Құрманбайдың үшінші орын үшін жүлде алып тұрған сәті

Өзбекстанға жеңісті қолдан берді деп айыпталған қазақстандық құраманың ойыншысы Есжан Құрманбайдың айтуынша, қырғыз көкпаршыларының мұндай мәлімдемесі орынсыз әрі негізсіз.

"Жеңісті қолдан берді дегенге келіспейміз!"

"Өзбек командасы оңай қарсылас емес, білдей бір елдің атынан барған мықты жігіттер. Біздің құрамада жас балалар болды. Құдай қаласа, 2021 жылы өтетін Олимпиадаға қатысатын балалар деп айтсақ болады. Өзбек командасы да, біз де жақсы дайындықпен келдік. Мұндай ірі халықаралық жарысты бірінші рет көріп отырған балалар, ал өзбек жігіттері жарыс көрген, үлкен-үлкен жігіттер. Десек те, ойын керемет өтті. Бізге берілген аттар да жақсы болды, өз деңгейіндегі аттар дер едім. Сондықтан жеңісті қолдан берді дегенге келіспейміз. Жігіттер жас та болса да, сақадай өзбек жігіттеріне барын салып, қарсылық көрсетті. Жеңілмейтін спортшы жоқ, жас балалар, құдай қаласа өз білігін енді шыңдайды, барлық жеңіс алда", - деді көкпаршы Есжан Құрманбай.


Көкпаршы Есжан Құрманбай © Жеке мұрағаттан

Өз кезегінде Спорт және дене шынықтыру істері комитет төрағасы Серік Жарасбаевтың айтуынша, Қазақстан көкпаршылар құрамасы өте жоғары әрі лайықты өнер көрсете білген. 

"Азия аймағында біз үздіктер қатарындамыз. Бірақ спортта жеңіліс те, жеңіс те болады. Көкпаршыларымыз лайықты өнер көрсете білді деп санаймыз. Жалпы медальдар есебінде екінші орын алғаны жоғары деңгейді білдіреді. Спортшылар әрдайым моральдық және психологиялық тұрғыдан кез келген жағдайға дайын болуы қажет деп есептеймін. Меніңше, көкпаршыларымыз дау-дамайға араласпай, жақсы ойын көрсетті", - дейді Жарасбаев.

 

Айта кетейік, биылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойынына әлемнің 77 елінен үш мыңнан астам спортшы қатысып, 37 спорт түрінен 594 медаль жұбы сарапқа салынды. Жүлде қоры - 28 миллион сом. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама