Демалыс күндері еліміздің екі қаласында Street workout-пен шұғылдануға арналған алаңдардың салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Мұндай сыйлықты ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев тарту етті, - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
Қостанайдағы Street workout алаңының ашылуына әкімдік өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Бұл шарада Street workout-тан еліміздегі ең мықты команда саналатын Bar Bars тобы тұрғындар алдында өнер көрсетіп, шеберлік сағаттарын өткізді. Ашылу салтанатына қатысқан қала тұрғындарына Қазақстан Street Workout Федерациясының атынан сыйлықтар таратылған.
Сонымен қатар, 8 қыркүйекте Павлодарда ад арнайы алаңдар ашылды.
"Айта кетелік, Street Workout - ең қолжетімді спорт түрлерінің бірі. Бұл спортпен айналысу үшін алаңқай мен ерік-жігер ғана қажет. Арнайы спорт алаңқайы Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Жаңаөзен, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Көкшетау, Семей, Өскемен және Астана қалаларында ашылды. Енді аталған тізімге Қостанай мен Павлодар еніп отыр. Тимур Құлыбаевтың қолдауымен Қазақстан бойынша 80 спорт алаңы ашылып, Қазақстан Street Workout-ты қарқынды дамытып отырған үздік үш елдің қатарына енді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2016 жылдан бері Ұлттық Олимпиадалық Комитет Қазақстан Street Workout Федерациясымен бірлесе отырып, ел тұрғындарының дене шынықтыру және спортпен айналысуына мүмкіндік беретін жобаны жүзеге асырып келеді. Осылайша, былтыр ҚР ҰОК басшысының бастамасымен 60-тан аса алаңқайар пайда болған.
Жарнама