Қазақша жаңалықтар
20 тамыз 2018 15:39
 
Жарыс кезінде қоршауға соғылған спорт көлігі шашылып кетті - Видео

  Пікірлер

blog.share

Жарыс кезінде қоршауға соғылған спорт көлігі шашылып кетті - Видео Видеодан алынған кадр

Солтүстік Америкада мәртебелі болып саналатын "Индикардың" биылғы жарысында бес бірдей жүргізуші зардап шекті.

Поконо тасжолында канадалық жас жүргізуші Роберт Уикенс 2012 жылғы чемпион Райан Хантер-Рэймен қығысып қалған. Осыдан кейін ол үлкен жылдамдықпен қоршауға соғылған. Ал шашылып кеткен көлік сынықтары тағы үш спортшының болидтерін бүлдірген. Барлығы көліктен өз бетімен шыға алды, тек Уикенсті ғана дәрігерлер мойын бекіткіш қолдану арқылы көліктен алып шықты. 

Ауруханаға жеткізілген спортшылардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Төрт спортшы үйіне қайтарылды. Ал канадалық жас спортшының жағдайы ауыр, дәрігерлік тексерістен кейін оның екі аяғы мен оң қолы сынғаны, омыртқа жарақаты мен өкпесінің жыртылғаны анықталған. Оған жақын арада операция жаслады.

Жол апатынан кейін зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу мен қоршауларды қалпына келтіру үшін жарыс екі сағатқа тоқтатылды. Жарыс қорытындысы бойынша Александр Росси жеңімпаз болды, екнші - Уилл Пауэр, ал үшінші Скотт Диксон. 

Жарнама

Живи спортом!