auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Көшпенділер саяты". Ұлттық құраманың Азия ойындарына арналған киім үлгісі таныстырылды

"Көшпенділер саяты". Ұлттық құраманың Азия ойындарына арналған киім үлгісі таныстырылды
ҚР ҰОК
18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезия елінің астанасы Джакартада жазғы Азия ойындары өтеді. Күні кеше сары құрлықтың басты додасына қатысатын ұлттық құраманың спорттық киім үлгісі таныстырылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада Комитеті хабарлағандай, қазақстандық спортшылар отандық өндірушілер дайындаған жаңа киім үлгісімен аттанады. Спорттық киім үлгісін жасауда  көшпенділер идеясы басты назарға алынған. Коллекцияның негізгі нысаны – техно-стильде орындалған сұңқар құс. Қазақстан тарихында жыртқыш құстармен аң аулау үлкен маңызға ие екені белгілі. Аңды көп қағатын құстар еркіндіктің, биікке ұмтылудың символы болып есептеледі. Негізгі детальдардың бірі ретінде барлық өнімдерден көрінетін «KZ» әріптерін айтуға болады.



Спорттық экипировка жаттығуға және шеруге арналған костюмдерден, поло, шолақ шалбар, жеңіл жейде және өзге де қажетті элементтерден құралған. Барлығы 16 түрі бар. Формадағы киімдердің барлығы Азия ойындарын қабылдаушы мемлекет – Индонезияның климаттық ерекшеліктерін есепке ала отырып дайындалған.



Экипировкадағы киімдердің басым бөлігі трикотажды кенеп матадан тігілген. Бұл спортшылардың киім кигенде өзін ыңғайлы сезінуіне көмектеседі.



Форма негізінен қою көк және ақ түстерден құралады, ал басты шешімдер – минимализм мен таға бағыт. Киімді өлшеп көрген спортшылар форманың ыңғайлы әрі әдемі екенін алға тартты.



Аталған киім үлгісі Қазақстан ҰОК арнайы комиссиясының шешімімен таңдалды. Сондай-ақ, комиссия құрамына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мен танымал спортшылар енді.



Форманы алғашқылардың бірі болып суда жүзуші Дмитрий Баландин, синхронды жүзуші Кристина Тыныбаева мен ашылу салтанатында Қазақстанның Туын көтеріп шығатын боксшы Әбілхан Аманқұл киіп көрді.



Айта кетейік, Индонезиядағы Азия ойындарына Қазақстан 25 олимпиадалық спорт түрінен қатысуды жоспарлауда. Ұлттық құрама сапында 412 спортшы қатысады деп күтілуде. Жарыста барлығы 462 медальдар жиынтығы сарапқа салынатын болады. Оның 332-і олимпиадалық спорт түрлеріне енеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама