auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Алматыда Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

Алматыда Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, танымал мәнерлеп сырғанаушы әрі халықтың сүйіктісі Денис Тенмен қоштасу рәсімі Алматыда өтіп жатыр. Спортшымен қоштасу рәсімі Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сағат 10.00-де басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11.27

Трансляция аяқталды.

Адамдар қол соғып, жылап жатыр.

 

11.24

Спорт сарайының маңында адамдар әлі де қол соғып, Алматы Денис Тенді шығарып салып жатыр...

 

11.22

11.19 Денис Теннің әні ойнап тұр. Табытты әкетіп барады...

11.11 Серік Сәпиев сөз сөйледі: "Дениспен қоштасуға бүкіл әлемнен адамдар келді. Денисті таныған бүкіл спортшылардың атынан көңіл айтқым келеді..."

11.08 Адамдар плакаттар әкелді, біреулер арнайы футболка жасатыпты.

11.06 Болат Жәмішев сөз сөйледі. 

11.01 "Бүгін Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем аза тұтып жатыр. Біз әлемді бұдан да мейірімді және жақсы етуге тырысқан тұлғадан айырылдық", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.


11:00 Геннадий Головкин және Денистің анасы Оксана

10.57 "Алматы" телеарнасынан трансляция.

 

10.54 Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сөз сөйледі. Адамдар Геннадий Головкинге қол соғып, қошемет көрсетті - ол залда, Денис Тенмен қоштасу үшін АҚШ-тан ұшып келді.

10.53 Далада да адам жетерлік.

 

10.51 Қоштасу рәсімі басталды.

10.44 Спорт сарайының трибуналары адамдарға лық толды.

10.39 "Мен 80 жастамын. Мен оның әр жарысында жанкүйер болдым.... Жылағым келеді", - деді Алматы тұрғыны Бекжан.

 

10.31 Гүлдер өте көп, біреулер жұмсақ ойыншықтар әкелген. Адамдар Денис Теннің суретіне қарап, көздерінің жасын тыйа алар емес.

10.25 "Алматы" телеарнасынан трансляция.

10.23  Дениспен қоштасуға Зарина Дияс, Серік Сәпиев, Дмитрий Баландин және өзге де танымал спортшылар келді.

10.14 Қыздар "Кешір, Денис" деген жазуы бар қара түсті шарлар әкелді.

10.12 Адамдар Дениспен қоштасып үлгеру үшін тезірек ішке кіргізуді сұрап жатыр.

 

10.11 Адамдар балаларымен келіп жатыр.

10.08 Халық өте көп жиналды.

10.06 Еріктілер жұмыс істеп жатыр: олар адамдарды екі жаққа бөлуге көмектесуде - екі есікке.

10.05 Ыстықтың салдарынан кезекте тұрған қыз өзін нашар сезіне бастады. Жедел жәрдем кезекшілік атқарып, дәрігерлер қажетті көмекті көрсетеді. 

10.03 "Мен оған "Кешір. Кешір және қош бол", деп айтуға келдім. Мен қатты уайымдадым. Екі күн бойы жыладым. Ол талантты, еңбекқор жас еді. Ол өз Отанында, туған қаласында, тапа тал түсте мерт болды. Өте өкінішті. Менің бүгін мұнда келгенім - міндетім. Халықтың өз қаһарманына соңғы рет "Кешір" деп айтуы міндет", - деп жылады Алтын.

 

Спорт сарайының алдында көлік қоятын жер жоқ, адамдар жаяу келіп жатыр.

Атақты спортшыны ақтық сапарға шығарып салуға Алматы тұрғындары мен танымал адамдар келді - әншілер, музыканттар, шенеуніктер және өзгелер.

Танымал боксшы Геннадий Головкин Денис Теннің жерлеуіне қатысу үшін Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жегіне дайындалып жатқан лагерін үзіп, АҚШ-тан Қазақстанға ұшып келді.

Қазақстанның барлық қаласында адамдар жиналып, Денис Тенді еске алып, құрмет көрсетіп жатыр. 

Денис Тен 19 шілдеде қайтыс болды. Оны көлік тонаушылар пышақтап, көлігінің айналарын алып кеткен. Ұрылар мен спортшының арасында жанжал болып, қылмыскерлердің бірі оның санына пышақ салған, Денис Тен өте көп қан жоғалтып, көз жұмды.

Қылмысты жасады деген күдіктілер: Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов, екеуі де ұсталып, қылмыстарын мойындады. Олардың айтуынша, екеуі Денис Тенге пышақпен шабуылдағандарын білмеген.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама