auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан ҰОК елімізде Street Workout алаңқайларын ашуды жалғастырады

Қазақстан ҰОК елімізде Street Workout алаңқайларын ашуды жалғастырады
 ©:оlympic.kz
Өскемен қаласы street workout мәдениетін дамытушылар қатарына қосылды. 13 маусым күні Өскемендегі салтанатты ашылу рәсімінде Шығыс Қазақстан облысының басшылығы жастарға ұсынған сыйлығы үшін Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетіне алғыс білдірді деп жазады olympic.kz.

Ал Bar Bars командасы қала тұрғындарына арналған бүкілқалалық жаттығу ұйымдастырып, алаңқайда жүйелі түрде жаттығу арқылы қандай жетістікке жетуге болатынын көрсетті.

Street workout - спорттық көше мәдениетін дамытудағы ең танымал бағыттардың бірі, бүгінде Қазақстан ҰОК жобасының арқасында қолжетімді спорт түріне айналды. ҰОК президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасы мен жеке қаражаты есебінен 2016 жылдан бері еліміздің әр аймағында 50-ден аса мамандандырылған спорттық алаңқайлар ашылды.



Атап айтар болсақ, Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе, Жаңаөзен және Көкшетау қалаларында жаңа алаңқайлар бой көтерді. Жобаның ең басты артықшылығы – алаңқайлардың тек облыс орталықтарында ғана емес, облыстан шалғай жатқан қалаларда да ашылуында.

«Қазақстан ҰОК олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға жауапты. Алайда, бұқаралық спорт бәрінің түп негізінде тұрғанын естен шығармау қажет. Мұндай спорттық алаңқайлардың ашылуы балалар мен жастардың дене шынықтыру мен спортқа ден қоюына себеп болады.

Ашық аспан астындағы спорттық зоналар ел тұрғындары үшін тиімді екенін дәлелдеп үлгерді. Біз алаңқайлардың үлкен сұранысқа ие екенін, қаңырап бос қалмайтынын байқадық. Ол жерде үнемі әртүрлі деңгейдегі спорттық жарыстар өтіп тұрады. Қазіргі таңда Қазақстан ҰОК өкілдері ел аймақтарын аралауда.



Осы орайда, біз аталған әлеуметтік жоба туралы басты жаңалықтарды біліп отырмыз. Бұл жобаны әрі қарай жалғастыра береміз. Алдағы уақытта шалғайда жатқан ауылдарда да алаңқайлар бой түзейді», - деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Данияр Абулгазин.

Өскемендегі саябақ аймақтарында құрылған төрт алаңқайдың ашылу салтанатына облыс басшылығы, Қазақстан ҰОК мен Қазақстан STREET WORKOUT федерациясының өкілдері қатысты.

Семейде мамандандырылған алаңқайларды ашу туралы жоспар жақын арада іске асады. Семейдегі халық көп қоныстанған аумақта төрт алаңқай орналасқан.

Street workout мамандандырылған алаңқайлары ең пайдалы құрылғылармен жабдықталған. Алаңқайдағы құрылғылар жабдығы бұлшық еттердің барлық топтарын жұмылдырып, жаттығудың тиімділігін арттырады.

Аталған алаңқайларды орнату арқылы тұрғындардың спортпен мүлде тегін айналысуына жол ашылды. Спорт алаңқайлары еліміздегі қатал ауа-райына да бейімделген. Бұл алаңқайлардың басты ерекшелігі – үлкен ауыртпалықты көтере алатын мықты бекітулер. Ал резинадан жасалған жабдықтар жаттығу кезінде жарақат алу қаупін сейілтеді.

Street workout федерациясының айтуынша, бүгінде 80 мыңға жуық қазақстандықтар спорттың осы түрімен шұғылданады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама