Қазақша жаңалықтар
7 маусым 2018 16:10
 
Қазақстанда тек қазақ тілді спорт арнасы ашылатын болды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанда тек қазақ тілді спорт арнасы ашылатын болды

«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы («Астана» ПКСК, Қазақстан) «Сетанта Спорт Еуразия» және «Сетанта Спорт Еуразия плюс» телеарналарының меншік иесі болып табылатын «EurasianBroadcastingEnterpriseLimited» (EBEL, Ұлыбритания) компаниясымен бірлесе отырып, елімізде ұлттық спорттық телевизиялық контент құру жобасын қолға алды.

Лондондағы ҚазақстанРеспубликасының Ұлыбританиядағы Елшілігінде қос тарап өзара келісім меморандумына қол қойды. Аталмыш құжат «Астана» Президенттік клубының құрамына кіретін барлық клубтардың спорттық жетістіктері мен жарыстарының «Сетанта Спорт Еуразия» және «Сетанта Спорт Еуразия плюс» телеарналары арқылы қалың бұқараға таратылатынын айғақтайды.

Меморандумдағы келісімге сәйкес, Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Грузия, Латвия, Литва, Молдова, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Эстония сынды елдердің қалың аудиториясы аталмыш телеарналар арқылы «Астана» брендімен ел намысын қорғап жүрген барлық үздік клубтарымыз бен спортшыларымыздың жетістіктері мен жарыстарын тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ, біздің спортшыларымыз жайлы арнайы бағдарламалар, эксклюзивті сұхбаттар, жаңалықтар бөлімі және сараптамалық бағдарламалар жасалады.

EBEL халықаралық ірі спорттық бродкастердіңтелеарналарындағы алғашқы бірлескен спорттық бағдарламалық эфир 2018 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

Сонымен қатар, халықаралық спорттық телекомпания мен Қазақстан тарапының келіссөздері барысындағы тағы бір маңызды мәселе – «Сетанта Спорт» аясында желі арқылы таралатын және қазақ тілінде көпшілікке ұсынылатын жаңа спорттық телеарна құру болып тұр. Бұл жоба халықаралық аренадағы спорттық контентіміздің беделін арттырып қана қоймай, отандық қазақ тілді журналистердің шығармашылық жұмыстарына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Өз кезегінде «Астана» Президенттік клубы жаңа жобаны жүзеге асыру барысында қазақстандық спорттық журналистерді тарту мәселесіне қызығушылық білдіретінін хабарлайды.

Жарнама

Живи спортом!