auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қалың қалай, қазақ комментаторы?

Қалың қалай, қазақ комментаторы?
Спорттық шараны комментатордың сүйемелдеуінсіз тамашалап көрдіңіз бе? Үнсіз футбол! Айтудың өзі қызық. Елімізде бірнеше телеарнада спорттық жарыстарды, әлемдік біріншіліктерді майын тамызып көрерменнің қызығушылығын арттырып, кәсіби спорт шолушысы болған азаматтар жетерлік. Алайда тойды игере алмаған асабадай коментаторлардың да осы спорттық шараны жүргізуде қарапайым көрермен мен жаны күйіп фанат болғандарға ұнамай жататыны да бар. Мысалы комментатор қарсылас екі команданың біріне жақтасып отырғанын білдіріп жатса, спортшылардың есімін дұрыс атамай немесе ойынды дұрыс сараптай алмаған кездер де болып жатады. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі танымал комментаторлармен сұхбаттасып, елімізде кәсіби комментатор болу үшін қандай қасиеттер қажет екенін, қанша гонорар алатынын және спорттық шараны екі тілде жүргізудің қаншалықты әсері барын анықтау үшін үш маманның пікірін білді.

Кәсіби комментатор болу үшін қандай қасиеттер қажет?

Сонымен, ілуде бір кездесетін сирек спорт түрлерінде неліктен салалық комментаторлар аз? Жалпылай алғанда комментатор болудың басты талабы қандай екенін сұрағанымызда "Егемен Қазақстан" газетінде спорт бөлімінің меңгерушісі Ермұхамед Мәулен кәсіби комментатор әдебиетті, тілді, журналистиканы не филологияны тәмамдағаны дұрыс дейді.



Ермұхамед Мәулен

"Қазақ өзі шешен халық, айтқыш халық емес пе? Суырып-салма, ақын болса да құптарлық. Спорттан хабары мықты болуы тиіс. Керек кезінде әзілдеп, астарлап, жағдайға байланысты айтары бар және бүкіл футболды сөзбен ойната алатын адамдардың нағыз комментатор болатынына сенемін. Кәсіби комментатор негізінде айына ары кетсе он ойынды жүргізгені дұрыс. Ол соған 400-500 мың теңге алуы тиіс. Ол демалып, ізденіп, шет елге шығып ойындарды тамашалап, шабыттануы тиіс. Ал бізде қалай, өзі бір мекемеде айлыққа жұмыс істеп, кешкі уақытта не түнде 7500 теңге қаламақыға комментатор болып қызмет етеді. Бұл дұрыс емес. Комментатор көбірек демалуы керек, ізденіп, әлеуметтік желіде кім не айтып жатқанын қарап отыруы керек", - дейді Ермұхамед Мәулен.

Ал ресейлік белгілі коммментатор, бокс шолушысы Григорий Стангрит осы жағдайды көрші елдегі тәжірибемен салыстырды. Оның айтуынша, қайда болсын, комментатор - шығармашылық мамандық.

"Мұнда өзгеше ойлау қабілеті мен туа бітті қасиеттер болуы керек. Белгілі бір спортта теңіздей біліміңнің болуы аздық етеді. Бір уақытта сөйлеп, есте сақтап, сараптап отыру, орайы келгенде қызықты деректерді еске түсіріп отыру қажет. Коментаторларды үйрететін курстар бар. Бұл творчестволық сала. Комментатор болу үшін тума қасиеттердің болуы құпталады, себебі ол бір уақытта сөйлеп, сараптап, есте сақтап отыруы тиіс және де қызықты деректерді қосып отырғанда дұрыс.

Сонымен қатар, оның пікірінше, кәсіби маман болу үшін, басқаларды тыңдап, олардың мықты тұстарын алып, кемшіліктерін қайталамауға тырысу керек. Бұл футболдағы үздік командалардың бір ойында бірнеше қателік жіберетінімен тең, негізінде бұл кәсіп түрі көзге оңай болып көрінгенімен әлдеқайда қиын екен.

Qazsport телеарнасының комментаторы Жандос Байділдә кәсіби комментатор болу үшін дикция керек дейді, жүйелі сөйлеуден бұрын даусың жағымсыз болса көрерменді қашырып аласың. "Ойыңды, картинаны дұрыс жеткізу және көрерменнің білгісі келетін сұрамай-ақ айтып отыруы тиіс. Сонымен қатар, тіл білгені де жақсы, спортшылардың аты-жөні ағылшын не француз тілдерінде кездеседі, сол себепті дұрыс оқылуын, екіпінді қай әріпке қоюды тіл білу арқылы меңгеруге болады", - дейді Байділдә.

Салалық комментаторлар жоқ па?

Қазіргі уақытта комментаторлардың көбісі футбол мен боксқа жақсы бейімделген. Ал спорттың басқа түріне жасап, талдап бере алатын комментаторлар неге аз? Бұған себеп ретінде Ермұхамед Мәулен елде қай спорт түрі дамыса, сол саланың комментаторлары көп болатындығымен түсіндірді.

Оның айтуынша, қазіргі кезде елімізде комментаторлардың көбісі бокс пен футболға жақсы бейімделген. Оның себебі де белгілі, еліміз егемендік алғалы Олимпиада ойындарында және әлем біріншіліктерінде жүлдесіз қайтпаған.

"Футбол - әлемдегі бірінші спорт. Басқа спорт түрлерін сол футбол мен бокс секілді сараптама жасап жүргізе алатын комментаторлар жоқтың қасы. Бұл салалық комментаторлықтың дамымағандығының көрінісі. Елімізде бір ғана спорт арнасы болғандықтан, коментаторлардың саны да аз. Мысалы үш айда бір көрсетілетін тенниске арнайы комментатор ұстап отырудың өзі біраз шығын келтіреді және футбол комментаторларын сынап жатқанда, теннис шолушысына қандай пікір келетінін айтудың өзі қиын. Бұл сала елімізде де шет елдерде де комментаторлық үйрететін арнайы курстар немесе оқу орындары жоқ. 2011 жылы Азиада өткен уақытта елдің барлығы спорт туралы жаза бастады, сол кезде шыққан мақалалардың көбісі сын көтере алмайды. Бүгінде жағдай жақсарып, спорт журналисінің саны мен сапасы да артқанын байқауға болады. Қазір ел танитын он шақты комментатор бар, оның ішінде 3-4-інің ғана жүргізгенін ел жақсы қабылдайды", - дейді Ермұхамед Мәулен.

Жандос Байділдә болса бокс - Қазақстандағы бірінші спорт түрі екенін, ал футбол - әлемдік спорт түрі екенін айтады. "Қалған спорт түрлері Олимпиада, Қысқы ойындар және Азиада кезінде ғана кеңінен насихатталып, көрсетіледі. Qazsport-та ғана емес, Eurosport-тың өзі де футбол, үлкен теннис, боксқа басымдылық береді. Сол себепті де қазақстандық комментаторлар футбол мен боксқа жақсы бейімделген", - деп ойын білдірді ол.

Комментатор жіберетін қателіктер

Елімізде спорт комментаторларына деген көзқарас әрқилы. Бірі өзі сүйіп тыңдайтын спорт шолушыларын жатқа айтса, ал бірі футбол көргенде теледидардың дыбысын өшіріп қойып қарайтынын айтады.

Григорий Стангрит қателіктер негізінен сөз саптауға байланысты не сөз тіркестерді пайдалануда кетіп жататынын айтып отыр.

"Біздікілер "представляет из себя" сөзін жиі қолданады, дұрысы - "представлять собой". Сонымен қатар, қатты сөйлесем жақсы болады деп есептейтін комментаторлар да бар. Кей кездері комментатордың өзіне қызықты әзілді айтып, елге де ұнайды деп ойлауы. Эмоция деген жақсы, бірақ оның шегі болуы тиіс. Комментатор деген бұл басты жұлдыз емес - ол тек спорттық шара мен көрермен арасын байланыстырушы көмекші. Ол картинаны толықтырып тұруы тиіс. Мұның себебі кейбір комментаторлар болып жатқан жағдайға өз бағасын беріп, сынап кетеді - бұл дұрыс емес", - дейді ресейлік маман.



Григорий Стангрит

Еліміздегі ахуалға келсек, байқауымызша, комментаторлардың жіберетін қателігі өте көп, мысалы 2000 жылдардан бері спорттық шараларды жүргізіп келе жатқан бір сарында бір соқпаққа түсіп алатын комментаторлар бар.

"Ойынның 78-ші минуты, есеп әлі де 0:0". Кезінде радиодан жүргізген комментаторлар үшін бұл тиімді болған, себебі ойынның уақыты, есепті айтып отыру керек болған. Ал қазір заман дамыды емес пе? Көрермен былай-ақ теледидардан көріп отыр қаншасыншы минут, есеп қанша екен. Оны айтудың не қажеті бар?", - деп қателіктерді тізді Ермұхамед Мәулен.

"Тікелей эфир болғандықтан қателіктер болады. Себебі біз орыс тілінде мәлімет қараймыз да ойын кезінде соның дәл баламасын таба алмай жатамыз. Спорт терминдері сақталуы тиіс", - дейді өз кезегінде Жандос Байділдә.

Табыс сапаға тікелей байланысты ма?

Қателіктерді тізген соң бұл мәселенің шешу жолы комментатордың табысына келіп тірелмей ме деген заңды сұрақ туындайды. Сонымен, саралап көрсек, шолушылар елімізде спорт жүргізуге қанша гонорар алып жүр?

Жандос Байділдә мұны комментаторға төленетін сома басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен болуы мүмкін екендігімен, бірақ оның да өз себептері барымен түсіндіреді. Айтуынша, біздің елдегі халық санының аздығы, жарнаманың аздығы түрткі болады.

Ермұхамед Мәулен комментатордың еңбегі елімізде дұрыс жолға әлі де қойылмай келе жатқанын айтып отыр.

"Бір телеарнанда Еуропа чепмионатын жүргіздім. Шамамен бір миллион адам тамашалайды, соған 7500 теңге қаламақы алдым. Бір күні Ордабасы мен Тараз ойынын жүргіздім, ол ойынды шамамен ары кетсе 700 адам тамашалайды, алайда мен тағы да 7500 теңге алдым. Бәріне бірдей ақша. Осы мәселені сол кездері әріптесім Ермек Төрениязовпен бірге көтерген едік, алайда жауапсыз қалды", - дейді ол.

Стангрит ресейлік және шетелдік комментаторлардың табысын саралап көрді. Оның мәліметінше, гонорарды үш тәсілмен алуға болады: біріншісі - эфир үшін төленетін ақы, екіншісі - эфир санына қарамастан, белгіленген қаражат, үшіншісі - бұл танымал комментаторлардың белгіленген жалақы алуы және үстіне қосымша ретінде эфир үшін тағы да сыйақы алуы.

"Үздік комментаторлар айына 5-10 мың АҚШ долларын алады.Танымал еместер айына 300-500 долларға дейін алады. Орта есеппен Ресейде комментаторлар 1000-1500 доллар алады. Салыстырмалы түрде НВО арнасының комментаторлары әлемде ең көп табыс табатын мамандар болып саналады. Джим Лэмпли есімді комментатор жылына миллион доллардан аса алады. Макс Келлерман миллионға жуықтайды. Шақырылатын боксшылар мен бапкерлер сараптама жасап беруі үшін - 5 мыңнан 15 мың долларға дейін табыс табады", - дейді бокс шолушысы.

Екі тілде қатар жүргізу тиімді ме?

Бүгінде қазақстандық телеарналарда қай спорт түрін тамашаласаңыз да екі тілде қатар жүргізу әдетке айналған. Ал мұндай екі тілде қатар жүргізу үрдісі елімізде, Швейцарияда, Қырғызстан мен Канадада ғана бар екен. 

Ермұхамед Мәулен бір тілде жүргізу - шығармашылық еркіндік пен ойлау жүйесін өзгертетінін айтады. "Қазақша 90 минут бойы сөйлеу деген 90 минут бойы қазақша ойлау деген сөз. Түбінде осы дүбара тірліктен құтылуымыз керек. Осы тұрғыда комментаторлардың жұмысы өте қиын. Жаныңда қазақша түсінетін немесе жалғыз өзің жүргізу бұл жанның рахаты. Мақалдап, еркінсіп, әдеби, көркем сөйлеу мүмкіндігі туады", - дейді ол.

Ал Жандос Байділданың айтуынша, елімізде қазақ тілді және орыс тілді қауымның көптігіне байланысты комментаторлар екі тілде жүргізуі дұрыс жағдай.

"Бұл аудиториямен санасу деп білемін. Қазспорт мемлекеттік арна болғандықтан әу баста екі тілде жүргізіп келеді. Ақпарат іздегенде орыс тілінде іздейміз, себебі мәлімет өте көп, салалық сайттар да баршылық, сол себепті осы дүниелерді қазақшаға аударамыз", - деп пікірін айтты ол.



Жандос Байділдә

Ресейлік маман өз кезегінде екі тілде қатар жүргізудің еш қажеті жоқ екенін айтып отыр. "Егер көрермен бір тілді ғана түсінетін болса, ойынның тең жартысы оған түсініксіз тілде өтеді. Егер эфирде екі комментатор отырса, олар бірін-бір жақсы түсінісіп, диалог құрып, кей жерінде дауласып отырса да болады. Егер екі тілді түсініп жатса, онда қай тілде сөйлеп жатқаны маңызды емес. Негізінде екі тілде жүргізудің мәні жоқ, меніңше", - деді Григорий Стангрит.

Комментатор болғыңыз келе ме?

Біздің елде комментаторлықты қосымша жұмыс деп қарау үрдісі бар. Демек, бұл мамандықты үйрететін арнайы курстар керек шығар. Алайда еңбек формасына келсек, комментаторлықты бөлек бір мамандық емес, тапсырыс бойынша пайдаланылатын интеллектуалдық қызмет деп санауға бола ма екен? Бұл мәселеге қатысты сөйлеткен спикерлеріміз болашақ комментаторларға мынадай кеңесін айтады:

Жандос Байділдә, Qazsport комментаторы:

"Өзім іріктеуден өткен емеспін, бірақ Qazsport-та кастингтен өтіп жұмыс істей бастадым. Әрине кемшіліктер болды. Негізінен бұл салада практика ғана білікті комментатор болуға септігін тигізеді, себебі әр ойын әрқалай өрбиді. Курс ашамын деп жүрген жігіттерді білемін. Қай жерде не айту керектігін, эмоцияны қосуды, не тоқтап қалуды тәжірибе арқылы келетін дүние. Арнайы курстар әзірге жоқ, бірақ біздің алдымызда жол салып кеткен білікті мамандар бар. Мысалы Ағылшын премьер-лигасында бір комментатор мен сол спорт түрінің маманы отырады. Шолушы ойынның картинасын жеткізіп отырса, маман төрешінің әрекетіне (қызыл қағаз көрсету, офсайд белгілеу тағы басқа даулы мәселелерге) төрелігін айтып отырады. Осыны біздің елге алып келу керек. Интелектуалдық қызмет - миллиондаған көрерменге қызмет көрсету қашан да қиын. Түсінікті әрі дағдалы тілмен сол аудиторияға жеткізуіңіз керек".

Григорий Стангрит, ресейлік комментатор, бокс шолушысы:

"Үйренуге болатын стандартты қасиеттер - білімділік, эрудиция, сөз саптауын дұрыстау, жақсы дикция мен ой өрісі. Үйрене алмайтын дүние - фанатизм. Комментатор болып фанаттар ғана бола алады, себебі 6-7 сағат бойы бокстан жекпе-жектерге шолу жасау тек фанат адамның қолынан келетін іс".

Ермұхамед Мәулен, спорт комментаторы, "Егемен Қазақстан" газетінде спорт бөлімінің меңгерушісі:

"Адамның деңгейі, білімі, сөз саптауы, ЖОО бітірген және спортты жақсы меңгерген адам ғана комментатор бола алады. Білімі болмаса дені сау сөйлей алмайды да. Интелктуалл комментатор тыңдап отырған көрерменнің спорттық деңгейі мен білімін көтеру тиіс, сол себепті де бұл комментаторға артылған ауыр жүк. Комментаторларды әр түрлі іріктейді. Негізінен дауысының жағымды болуы, білімі, позитив ойлар мен әзілдей білетін сөзтапқыш болуы тиіс".
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама