UFC чемпионы атанған Нурмагомедов жекпе-жектен кейін МакГрегорды мазақ етті
Бүгін, 8 сәуірде UFC чемпионы атанған ММА файтері, ресейлік Хабиб Нурмагомедов жекпе-жектен кейін ирландиялық жұлдыз Конор МакГрегорды мазақ етті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы Eurosport.ru сайтына сілтеме жасап.
Бүгін, 8 сәуірде UFC чемпионы атанған ММА файтері, ресейлік Хабиб Нурмагомедов жекпе-жектен кейін ирландиялық жұлдыз Конор МакГрегорды мазақ етті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы Eurosport.ru сайтына сілтеме жасап.
"Мен енді Нью-Йорктегі Madison Swuare Garden аренасында Жорж Сен-Пьермен жекпе-жекке шыққым келеді. Қарсыласым Яквинтаға алғысымды білдіремін - бруклиндік нағыз гангстер, ол жүрген бір әтеш емес. Конор қайда? Автобуспен төбелескісі келе ме? Мен нағыз гангстерлермен жекпе-жекке шыққым келеді. Яквинта, рақмет саған",- деді Нурмагомедов жекпе-жектен кейін.
Еске сала кетейік, Хабиб Нурмагомедов 8 сәуірде титулдық тұңғыш жекпе-жегінде жеңіске жетіп, жеңіл салмақта UFC чемпионы атанды, ол UFC чемпионы атанған тұңғыш ресейлік спортшы.
Оның қарсыласы америкалық Эл Яквинта болды. Бұл белдік бұған дейін ирландиялық Конор МакГрегорға тиесілі болды, ол Нью-Йорк қаласына барып, UFC 223 қатысушылары мінген автобусқа шабуыл жасаған еді, ол автобуста Нурмагомедов те отырған.
Бастапқыда Нурмагомедовтің қарсыласы Тони Фергюсонның болатыны айтылды, бірақ ол сәуірдің басында жарақат алды. Оның орнына отандасы Макс Холлоуэй шыққан еді, жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионын дәрігерлер жекпе-жекке шығармай қойды.
Жарнама