auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Жетісу" клубының экс-ойыншысы адам өлтіргені үшін сотталды

"Жетісу" клубының экс-ойыншысы адам өлтіргені үшін сотталды
Саят Сариев. © vesti.kz

"Жетісу" мен "Алтай" футбол клубтарының бұрынғы ойыншысы ер адамды өлтіргені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкіміне сәйкес, 25 жастағы Саят Сариев екі бап бойынша айыпталды: ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" мен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі ("Адам өлтiру"). Ол 2017 жылдың 29 қарашасында ұсталған.

Футболшы Алматы облысы Бақтыбай ауылында дүниеге келген. Іс материалдарына қарағанда, 2017 жылдың 28 қарашасынан 29-на қараған түні сотталушы Сариев мас күйде өзінде заңсыз сақтауда болған қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қаруды алып, досына қарай барған. Содан олар бірге дүкенге барған. Соңын маңында букмекерлік кеңсе маңында олар тағы басқа ауылдастарын кездестірген. Сол кезде футболшы мен олардың арасында дау шыққан.

Сонымен қатар, іс материалдарына қарағанда олардың бірі Аслан Қабанбаев есімді жігіт Саят Сариевтен сыра алып беруін талап еткен, ал екіншісі одан ақша сұраған. Футболшы болса ақшасы жоқ екені айтқан. Олар Сариевтің айтқанына сенбей, Қабанбаев оның бетінен ұрып жіберген. Осы сәтте ашуланған футболшы қаруын шығарып, шамамен 2 метр қашықтықтан Қабанбаевқа қарай оқ атқан. Ер адам сол жерде көз жұмған. Сариев қаруды өзенге қарай лақтырып жіберген.

Сотта футболшы өзінің ойында жәбірленуші Қабанбаевты өлтіру ойы болмағанын айтты.

Сот оны екі бап бойынша айыпты деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сотталушы өз қолымен апелляциялық шағым жазып, оны облыстық сотқа жолдады. Онда ол Қабанбаевтың әйелі сотта ешқандай шағым айтпағанын және өтемақы алғанын жазады. Оның айтуынша, Қабанбаевтың әйелі оны кешірген.

Өз шағымында футболшы осыған дейін сотты болмағанын және осы іске өкінетінін айтады. Жазасын жеңілдетуді сұрайды. Апелляциялық алқаның отырысы сәуірде өтеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама