Үстел теннисінен әлемдік турда қазақстандық спортшы жапониялық "вундеркиндпен" кездеседі
Үстел теннисінен әлемдік турда бақ сынайтын жалғыз қазақстандық ойыншы Кирилл Герасименконың алғашқы қарсыласы анықталды. Халықаралық додада жерлесіміз жапониялық «вундеркинд» Томокадзу Харитомомамен өзара кім мықтыны анықтайтын болады.
Бүгін Елордада әлемдік турнирдің жеребе тарту рәсімі аяқталды. Ал, World Tour Grand Finals турнирінің өзі 14 мен 17 желтоқсан аралығында Астана қаласында өтеді. Жеребе нәтижесінде отандасымыз Герасименко турнирдің 1/8 финалында Харитомомен ұшырасатын болады. Оның қарсыласын пинг-понгтың «вундеркинді» деп те атайды екен. Бала кезінен үстел теннисімен айналысқан ол алғашқы мүшел жасында жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Ал, осы жылы Чехияда өткен жарыста Әлемдік турды жеңген ең жас спортшы статусына ие болды.
«Менің мұндай атақты ойыншыларға қарсы мүмкіндігім аз екенін мойындаймын. Алайда, осы турнирде кәсіби шеберлігімді шыңдап, жаңа белеске көтерілуге болатындығын да айтқым келеді», - деді Герасименко жеребе рәсімінен соң.

Жарнама