auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Барлық өңірге жаңа бозкілемдер сыйға берілмек

Барлық өңірге жаңа бозкілемдер сыйға берілмек
ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген игі іс-шараларды қолға алуда. Қазіргі таңда аймақтарда жас балуандардың күреспен шұғылдануына жақсы жағдай жасалған.

Жақында ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Сауат Мыңбаев пен ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен Қазақстанның барлық аймақтарындағы спорт мектептерін арнайы кілемдермен жабдықтау қолға алынды. Демеушілердің көмегімен атқарылып жатқан жоба келесі жылдың наурыз айына дейін жалғасады. Федерацияның есебі бойынша алдағы уақытта даму жағынан артта қалып жатқан аймақтарға 150-ден аса кілем үлестіру жоспарда бар. Соның 43-і қазірдің өзінде өз иелерін тапты. Атап айтсақ, Алматы қаласы, Солтүстік және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы аудандар кілеммен қамтамасыз етілді. Нақтырақ айтқанда, бүгінде Шахтинск (Қарағанды облысы) мен Жезқазған, Сатбаев (Қарағанды облысы) қалаларында және Теректі (БҚО), Сырым (Атырау облысы), Мамлют (СҚО) аудандарындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептеріне арнайы кілем төсеніштері жеткізілген. Алдағы уақытта Федерация басшылары еліміздің басқа да аймақтарына қол ұшын созып, жас балуандардың алаңсыз жаттығу жасауына жағдай жасамақ.

"Күрес – еліміздегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Сондықтан қазіргі таңда Астана мен Алматы қалаларына және барлық 14 облысқа қарасты спорт мектептеріне тегін кілемдер үлестіріп, күрестің дамуына үлесімізді қосудамыз. Мұндай бастама Күрес Федерациясы мен Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы, Ұлттық Олимпиада комитетінің қолдауымен жүзеге асып жатыр", - деді ҚР ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының бас хатшысы Анатолий Волоха.

Грек-рим күресінен Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтың айтуынша, Федерацияның жүргізіп жатқан мұндай іс-шарасы еліміздегі күрестің дамуына оң ықпалын тигізеді.

"ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының мұндай бастама көтеріп, аймақтардағы күрестің дамуына оң ықпал жасап жатқанына қуаныштымын. Бәрімізде ауылда өстік. Болашақ чемпиондардың бәрі ауылдан шыққан. Сондықтан Федерация басшыларының алыс шалғайдағы ауыл-аудандарға көмек қолын созып, спорт мектептерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп жатқаны өте дұрыс", - деді Н.Теңізбаев.

Қазіргі таңда Қазақстанда 130 мыңға жуық адам тұрақты түрде күрес түрлерімен айналысуда.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама