auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жансая Әбдімәлік шахматтан басқа қандай спортпен шұғылданатынын айтты

Жансая Әбдімәлік шахматтан басқа қандай спортпен шұғылданатынын айтты
Шахматтан Әлем чемпионы Жансая Әбдімәлік  сайыстарда ұзақ уақыт шыдап отыру үшін жүзумен айналысатынын айтты.

Бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген Жансая Әбдімәлік жақында Италияның Тарвизио қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында қалай жеңіске жеткенін баяндады.

Айта кетейік, Жансая аталған әлем біріншілігінде қажетті 11 ұпайдың 9,5-ын жинап, жеңіс тұғырынан көрінді. Жансаяның айтуынша, бұл жеңісі оған 2018 жылы әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысуға жол ашқан.    

«Тарвизио қаласында өткен сайыс өте күрделі болды. Соңғы турға дейін аянбай айқасуға тура келді. Турнирге қатысушылар арасында мен рейтинг бойынша үздіктердің бірі болғаныма байланысты қарсыластарым маған бар күшін жұмсады. Бірақ мен бұл сайысқа жарты жыл тыңғылықты дайындалдым», - деді Жансая Әбдімәлік.

Журналистердің сұрағына жауап берген спортшы үлкен сайыстарда шахмат тақтасы алдында ұзақ уақыт тапжылмай отыруға не көмектескенін айтып берді.

«Мен жүзумен айналысамын. Оның көмегі зор. Күнде барамын, жаттықтырушым бар, 1,5 сағат жүземін. 2015 жылы әлем чемпионаты алдында мен ауырып қалып, жүзуге бара алмадым. Соның кесірінен мен сайыстың соңына қарай шаршап жүрдім. Соңғы турда тіпті қатты шаршадым. Егер мені түн ортасында оятып мына ойынды қалай аяқтар едің десе, айтып берер едім, бірақ әлсіздіктен мен соңғы ойында қиналдым. Кофе де іштім, шоколад та жедім», - деді спортшы.

Жансая сонымен қатар, үлкен сайыстан кейін қалай демалатынын айтты.

«Мен үлкен сайыстан кейін шахмат туралы ойламауға тырысамын. Ән тыңдап, таза ауада серуендеймін», - деді ол.

Айта кетейік, Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясы Қазақстан чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алған. Аталған чемпионат 2018 жылдың 4-16 қаңтары аралығында Алматыда Қазақ-британ университетінде өтеді. Оған барлығы 500 спортшы қатысады.  Сайысқа Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері Айша Закирова, Әмина Қайырбекова, Меруерт Камалидинова, Әмел Серікбай, Назерке Нұрғали сынды үздіктер қатысады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
Бүгін , 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама