Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Талдықорғанда 7 елдің ардагерлері воллейболдан сынға түседі

Талдықорғанда 7 елдің ардагерлері воллейболдан сынға түседі


Талдықорған қаласында воллейболдан ардагерлер арасында «Жетісу кубогы» халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев пен «Жетісу» кәсіби воллейбол клубы жетекшісінің орынбасары Ришат Парманов баяндады.


Облыста биыл бірінші мәрте ұйымдастырылатын турнирде Қазақстанның түкпір-түкпірінде құрылған командалар, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия, Бурятия, Литва сияқты мемлекетерден спортшылар  жарысқа түседі.

"Спорт - бұл ең әуелі салауатты қоғам қалыптастыратын, денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған, сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет" - деді Т.Шарапиев.  

"Ұйымдастыру коммитетінде осымен үшінші мәрте отырыс өтіп, дайындық жұмыстары қаралды. Өтетін орынның дайындығы, медальдар мен кубоктың эскиздері бекітілді. Турнир Талдықорғанда өтетіндігімен мақтанамыз, қызықты әрі тартысты ойын болады. Сайысқа сақадай саймыз", - деді Р.Парманов.  

Жарыс жүлдегерлеріне медальдармен қатар I орын үшін - 1 млн теңге, I орынға - 700 мың теңге және III орынға 500 мың теңге  беріледі. Жарыс 17 қарашада басталады. Ардагер воллейболшылардың тартысты турнирін көргісі келетін қауым үшін есік ашық.


  Пікір: 0
  0