auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Конфедерация кубогының іріктеу кезеңінде Елдос Сметовтың командасы жеңіліп қалды

Конфедерация кубогының іріктеу кезеңінде Елдос Сметовтың командасы жеңіліп қалды
Қазақстанда конфедерация кубогының іріктеу кезеңдері басталды. Дүбірлі додада спорттың 5 түрінен спортшылар бақтарын сынады. Атап айтқанда, спортышалыр бокс, дзюдо, таеквондо, еркін жəне грек рим күрестерінен өзара мықтыны анықтады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Тараз қаласында өткен іріктеу кезеңінде "D" тобының спортшылары жартылай финалдық жолдама үшін барын салды. Жеребе бойынша "D" тобына Ақмола облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы жəне Алматы қаласының құрама командалары сынға түскен болатын.

Конфедерация кубогының іріктеу кезеңдерінің ресми ашылу салтанатында спорттық жекпе-жек жəне күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының мүшелері мен Жамбыл облысының басшылары қатысты.

Дзюдо жəне таеквондо бойынша 2016 жылғы конфедерация кубогының иегерлері Жамбыл облысы биыл жанкүйерлер үмітін ақтамады. Олар екі спорт түрінен де Алматы қаласының спортшыларына төтеп бере алмады. Дзюдодан Жамбыл облысының құрама сапында ҚР Ұлттық құрама мүшесі, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Əлем чемпионы Елдос Сметов, ұлттық құрама мүшесі Азиз Қалқаманұлы сынды əлемдік жарыстарда ел намысын қорғап жүрген дзюдошылар белдесті. Сондай-ақ, Алматы қаласының намысын халықаралық жарыстарда жүлделі орындармен қазақ жұртын қуантып жүрген Ғұсман Қырғызбаев, Ғұмар Қырғызбаев, Елдос Жұмаханов, Қызылорда облысының құрама сапында "Қазақстан барысы-2017" турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиев күресті.

Таеквондо бойынша да Алматы қаласының спортшылары осал еместігін көрсетті. Олар жергілікті спортшыларды, Жамбыл облысының құрамасын 85:90 есебімен жеңіп, 2017 жылғы конфедерация кубогынан жүлдесіз қалдырды.

Грек-рим күресі бойынша боз кілемде белдескен Қызылорда облысының балуандары шешуші кездесуде Алматы қаласының спортшыларынан мықты екенін дəлелдеді.

Еркін күрес бойынша Алматы қаласының балуандары қарсылас шақ келтірмеді. Шешуші жолдама үшін күресте Қызылорда облысының балуандарыннан мықты болды.

Елімізде конфедерация кубогы былтырдан бастап өткізіліп жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 125 млн теңгені құрайды. Конфедерация кубогының финалдық кезеңі 2-3 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы "Балуан Шолақ" спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама