auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Алматы туры-2017" несімен есте қалады?

"Алматы туры-2017" несімен есте қалады?
Әрбір ірі спорттық және спорттық емес оқиға өткеннен кейін қызықтың бәрі артта қалғандай көңілсіз кезең келеді. «Алматы туры-2017» өз кейіпкерлерін тапты – барлық жейденің иесі анықталды, ал ең бастысы «Астана» велошабандозы Алексей Луценко жеңімпаз атанды (қорытынды жайлы толығырақ мына жерден таныса аласыздар). «Алматы туры-2018» велододасына дайындық жұмыстары басталып кетсе де, Қазақстанның оңтүстік астанасындағы мерейтойлық, бесінші веложарыстың не себепті есте қалатынын танытатын басты ерекшеліктерін атап өтейік.

Алғаш рет екі күнге жалғасты!



«Алматы туры» форматындағы дәл осы өзгерістің қаншалықты айтулы екенін түсінбегендер бар, ал негізі осы өзгеріске бар назарды аудару керек. Біздің тур көпкүндік болды, енді тағы да кеңейе түсуге мүмкіндіктер ашылды, бұл дегеніміз кәсіпқой командалардың да, әлем бойынша қатысушылардың да көз алдында жарыстың беделі артты деген сөз. Қазірдің өзінде келесі жылы мәре «Шымбұлақта» болса деген тілектер айтылып жатыр, тіпті жарыс күндері де арта түседі деген үміт бар.

Көлік иелерімен келісім



«Алматы туры» велододасының осыған дейінгі төрт кезеңінде ұйымдастырушылар көлік кептелісіне байланысты көп сын естіді. Ал бұл маусымда тұңғыш рет жолдарды «динамикалық» жабу әдісі қолданылды – көшедегі қозғалыс жарыс қатысушылары жүріп өтетін уақытта ғана жабылды. Иә, бұл біздің қолымыздан келді, алғаш рет болғандықтан қателіктер де кездесті, алайда Алматыда көлік иелері бұл жолы ыңғайсыздықты өткен жылдағы жарыстарға қарағанда қатты сезген жоқ. Болашақта ұйымдастырушылар қала тұрғындары тіпті де ыңғайсыздықтарды сезбеуі үшін бұл жүйені мінсіздендіруге уәде беріп отыр.

Медеу



Таулық мәре өз-өзін толықтай ақтады! Бірінші кезеңде ауа райы «Алматы туры» қатысушыларына ыңғайсыздық келтірсе (тіпті аспан бұлтты болғандықтан трансляция да үзіліп қалған сәттер болды), ал екінші кезеңде ауа райы тамаша жағдай жасады. Тікұшақтар мен мотоциклдерден түсірілген кадрлар әлемде мақтау естіп жатыр. Ал Медеуге көтерілер жол бөлігі кереметтей көріністерімен ғана емес, пелотондағы әсерлі жарыстарымен де есте қалды – мәреге барлығы бірдей жете алмады.

«Астана» триумфы



«Алматы туры» - Алексей Луценконың территориясы. Бұл сөзді Eurosport комментаторы Сергей Курдюков айтты. Бұл жолы болжамдар ішінара дәл келді. Алексей бірінші кезеңде де, төртінші мәрте бас классификацияда да жеңіске жетті, алайда Якоб Фульсанг командаласынан екінші кезеңде оқ бойы озып шығып, оған «абсолют триумфын» бере қоймады. Қалай дегенімен де, қазақстандық спортшылар басымдығын танытты, тек жыл сайын топ жару барған сайын қиындап жатыр.

Жұлдыздармен бақ сынау





Биыл қалаған велоспортсүйер жанкүйер әлемдік масштабтағы жарысқа куә болып қана қоймай, оған қатысу мүмкіндігіне де ие болды. Бірінші кезеңге екі күн қалғанда «Астана» жұлдыздарымен әуесқой жарыстар өткізілді, ал сайыс жеңімпазы Ахметбек Шыңғыс турда арнайы көлікке отырып, әсерлі жарысты өз көзімен көріп шықты.

Алматы – велосипед мегаполисі



Кім не десе де, Алматы өз ерекшелігі мен мәдениеті бар нағыз ірі велосипед мегаполисіне айналып келеді. Барынша веложолақтар көбейіп, қала тұрғындары ауасы тар қоғамдық көліктің орнына экологиялық көлік – велосипедке өтіп жатыр. Осы себепті де жарысқа деген қызығушылық артып келеді – интернеттен немесе теледидардан онлайн көргісі келетіндер де, мыңдаған жанкүйерге қосылып, спортшыларымызға қолдау білдіріп, күздің ызғарына қарамастан, белгілі командалардың додасына куә болатындар да көбейіп келеді.

Біз енді «Алматы туры-2018» додасын күтеміз



«Алматы туры» бірінші мерейтойын атап өтті. 5 саны өте аз, бірақ болашағынан үміт күттіретін, сенім сыйлайтын сан. Тур кеңейе түседі, тағы да көптеген жұлдыздарды тартып, Азиядағы негізгі веложарыс атағын қорғай береді. «Алматы туры» тарихта өз таңбасын қалдырады, сондықтан оның көрермені болып, тарихтың бір бөлігі болыңыздар!
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама