auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

17 жастағы велошабандоз Дана Ахметованың неден қайтыс болғаны анықталды

17 жастағы велошабандоз Дана Ахметованың неден қайтыс болғаны анықталды
17 жастағы велошабандоз Дана Ахметованың неден қайтыс болғаны анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Жас спортшы Алматыда өткен жарыста ыстық өтіп, қайтыс болған. Бұл туралы оның ағасы Әмірбек Ахметов айтып берді. Бірінші болып оның әлсірегенін бапкері байқаған. Оқиға 2017 жылдың 23 маусымында болған.

"Бапкер оны тоқтатып алды. Ол оны көрмей, тек дауысқа қарай жүре берген. Жедел жәрдем келіп, ауруханаға жеткізді. Ол үш сағат бойы ауруханада жатып, ауырсынды. Кейін оны жансақтау бөліміне жеткізді", - деді спортшының ағасы.

Айтуынша, жарыс кезінде қыздың қасында болған дәрігерлердің ыстық өтуге қарсы қолданатын мұзы болмаған.

"Бала комаға түсіп, минуттардың ішінде ыстық өтті. Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуі керек еді. Бұл маңызды минуттар еді", - деді ол. Айтуынша, марқұм Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы Токушим ауылында жерленеді. Мәйіт ұшақпен жеткізіледі.

Еске салайық, кеше, 29 маусымда Алматы қаласының жетінші қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде танымал велошабандоз Дана Ахметова қайтыс болған еді.

"23 маусымда 17 жастағы спортшы қыз IV Жастар спорт ойындарында есінен танып қалған, содан кейін жедел жәрдем бригадасы оны жансақтау бөліміне жеткізген. Дәрігерлер Дананың жағдайы тым ауыр деп бағалаған. Қыз бала ес жимастан қайтыс болды", - делінген федерацияның ресми сайтында жарияланған хабарламада. 

Сонымен қатар, федерациядағылар Дана Ахметованың Солтүстік Қазақстандағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектепте оқығанын және Қазақстан Республикасының спорт шебері екенін жазған. 2016 жылы Дана Олимпиадаға дайындық орталығының тізімінде болған.

"Дана Ахметова талантты әрі мықты спортшы болатын, ол өзі қатысқан жарыстарда жеңіске деген үлкен ерік-жігерін көрсете білді. Маусым басталысымен ол бірнеше медальға ие болды. Қазақстан велосипед спорты федерациясы Дана Ахметованың жақындары мен туыстарына көңіл айтады және қайғыға ортақ екенін жеткізеді. Бұл орны толмас қаза. Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз", - делінген хабарламада.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама