auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

UFC жұлдызы Ронда Роузи тұрмысқа шыққалы жатыр

UFC жұлдызы Ронда Роузи тұрмысқа шыққалы жатыр
Ронда Роузи. © magazine.bg
Геннадий Головкиннің жанкүйері, жеңіл салмақта UFC экс-чемпионы, америкалық Ронда Роузи тұрмысқа шығуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы TMZ Sport басылымына сілтеме жасап.

Оған UFC-де ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық Трэвис Браун ұсыныс жасаған.

"Біз Жаңа Зеландиядағы сарқырамада болдық, сол кезде ұсыныс жасау керек екенін сездім", - деді Браун.

Жұп 2015 жылдан бері кездесіп жүр екен. Олар Калифорниядағы жаттығу лагерінде танысыпта, соңғы уақыттарда екеуі бапкер Эдмонд Тарвердянның қоластында жаттығыпты. Алайда әзірше үйлену тойы қашан болатыны белгісіз.


Ронда Роузидің өзі дүркіретіп той өткізгісі келмейтінін мәлімдеді.

"Той таяуда болады. Ұйымдастыру мәселесін ойласу қажет. Безендірілу мен гүлдердің болғанын қаламаймын. Жақыныммен екеуара кеш өткізгім келеді", - деді Роузи.

30 жастаығы Роузи жеңіл салмақтағы UFC белбеуінің бірінші иегері. 14 жекпе-жекте ол 12 рет жеңіске жетіп, екеуінде жеңіліс тапқан. Соңғы екі жекпе-жегінде Роузи сәтсізікке ұшыраған. 2015 жылдың қарашасында оны отандасы Холли Холм қылғындыру арқылы жеңсе, 2016 жылдың желтоқсанында бразилиялық Аманда Нуньес оны 48 секунд ішінде жеңіп шықты. 

Ал оның болашақ күйеуі Браун 25 жекпе-жек өткізіп, 18-інде жеңіске жеткен және алты рет жеңілген, тағы бір жекпе-жегінде тең түскен.

Айта кетейік, 2014 жылы Браун Роузидің бұрынғы жігіті Брендан Шаубты жеңген. Басылымның мәліметінше, Роузи бірінші рет некелескелі жатыр, ал Браун бұрын үйленген. Бұған дейін ол фитнес-модель Дженна Рени Уэбпен отау құрған. Браунның екі баласы бар екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама