auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

17 жастағы Әбілмансұр Батырғали каратэден Азия чемпионы атанды

17 жастағы Әбілмансұр Батырғали каратэден Азия чемпионы атанды
Сурет Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінен
Атыраулық каратэші Әбілмансұр Батырғали Азия чемпионы атанды. Бүгін, 16 мамырда Атырау халықаралық әуежайында спортшыны жақын туыстары, достары салтанатты түрде қарсы алды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

"Қайсар" спорт клубының тәрбиеленушісі жапондық Окинава аралында каратэ-додан ересектер мен жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатына қатысты. Азия чемпинатына әр түрлі мемлекеттен 700-ге жуық спортшы қатысты.



Жарыста әлем және Азия чемпионатының жүлдегерлері де бақ сынады.
17 жастағы Әбілмансұр Батырғали 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде және "юниоры" жас санатында сынға түсті. Спортшы 4 кездесу өткізіп, Шри-Ланка, Өзбекстан, Таиланд және Ирандық қарсыластарынан басып түсіп, Азия чемпионы атанды.

"Ең қиын кездесу финалда ирандық спортшымен болды. Барлығына белгілі, Иранда барлық жекпе-жек түрлері жақсы дамыған, қарсыласым өте жақсы дайындалған, сондықтан біз соңына дейін бірдей ұпайда болдық. Бірақ, маған жеңіс бұйырды", - дейді Әбілмансұр Батырғали.



Жаттықтырушы Сансызбай Торғаевтың айтуынша, жарыс жасөспірімдерге бұдан да жоғары деңгейдегі жарыстарға жолдама болды.
"Алдағы уақытта Әбілмансұр Болгарияда өтетін жастар арасындағы халықаралық деңгейдегі жарысқа қатысады. Онда жеңген спортшы Аргентинадағы Буэнос-Айрес қаласындағы жастар Олимпиадасына жолдама алады",- дейді Сансызбай Торғаев.

Айта кетейік, 17 жастағы Әбілмансұр Батырғали өткен жылы Астанада өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын, сол жылы каратэ-додан Әлем кубогінің иегері болды, спорт шеберіне үміткер.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
3 қазан 2021, 13:41
Карате
©olympic.kz Төрт отандасымыз финалда

Жарнама

Жарнама