auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Grand Prix Dusseldorf 2017. Екінші күні тағы жүлдесіз қалдық

Grand Prix Dusseldorf 2017. Екінші күні тағы жүлдесіз қалдық
Сурет fdk.kz
Дюссельдорфта өтіп жатқан Гран При турнирінің екінші күнінде қазақстандық дзюдошылар жүлдеге іліне алмады. Дзюдошылар -73 кг, - 81 кг, -63 кг, -70 кг салмақ дәрежесінде белдесті, деп хабарлайды ҚДФ баспасөз қызметі.

73 келіде татамиге шыққан Жансай Смағұлов алғашқы айналымда румыниялық Серсиа Марсельді ұтқанымен, екінші айналымда грузин дзюдошысы Лаша Шавдатуашвилиге есе жіберіп, жарыстан шықты.

81 келіде сынға түскен Қажымұқан Өтеулиев пен Азиз Қалқаманұлының да бүгін жолы болмады. Өтеулиев алғашқы кездесуінде-ақ моңғолиялық Баянмунх Гаажадамбаға вазари ұпайымен жеңілсе, Қалқаманұлы голден скорда үшінші шидосын алып, екеуара кездесу АҚШ спортшысы Хаттон Джэктің еншісіне шешілді.

63 келіде Мариан Урдабаева жарысты сәтті бастаған болатын. Бірінші белдесуінде швециялық Эрикссон Иданы иппонмен жеңіп, екінші айналымда, өкінішке қарай, жапон қызы Набекура Намиге төтеп бере алмады.

70 келіде Жанар Қашқын мен Ділбар Өмірәлиева да бірінші белдесуден ары аспады. Қашқын швециялық Бернхолм Аннаға, Өмірәлиева неміс қызы Буткереит Мириамға иппонмен жеңілді.

Әлемдік Гран При турнирінің үшінші күнінде дзюдошылар 5 салмақ бойынша белдесетін болады.

Ерлер: - 90 кг, - 100 кг, + 100 кг; Әйелдер: -78 кг, + 78кг;

Жарыстың үшінші күнінде 5 дзюдошы ел намысын қорғайды. Олар: Діулетхан Жақыпов (90 кг), Айбек Серікбаев (-100 кг), Еламан Ерғалиев (+100 кг), Ержан Шынкеев (+100 кг), Альбина Амангелдиева (-78 кг) және Гүлжан Исанова (+78 кг).

Естеріңізге сала кетсек, Гран При турнирі ақпанның 24-інен 26-сына дейін жалғасады. Аталмыш додаға 50 елден 346 дзюдошы қатысып жатыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама