auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Елдос Сметов Екатеринбургтегі "Grand Slam" турниріне қатысады

Елдос Сметов Екатеринбургтегі "Grand Slam" турниріне қатысады
17-18 наурыз күндері Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік "Grand Slam" турнирі өтеді. Қазақстаннан бұл жарысқа 12 дзюдошы қатысады.

Екатеринбургтегі жарысқа Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов қатысады. Бұл спортшының осы жылдағы алғашқы жарысы. Қазіргі таңда отандасымыз өз салмағында (60 кг) IJF рейтингінде 32-орында тұр.

Ресей жеріндегі жарыста Рио Олимпиадасына қатысқан дзюдошы Жансай Смағұлов та бақ сынайды. Сондай-ақ ерлер арасында Ғұмар Қырғызбаев (66 кг), Бекжан Абдуалиев (81 кг) пен Әділет Миссин (90 кг) ел намысын қорғайды.

Қыздар арасында бұл жарысқа Әйгерім Төреғожина (48 кг), Севара Нышанбаева (57 кг), Назгүл Құбашева (63 кг), Ділбар Өміралиева (63 кг), Зере Бектасқызы (70 кг), Альбина Амангелдиева (-78 кг), Зарина Райфова (-78 кг) барады.

Айта кетейік, 9-11 наурыз күндері Агадирде дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі өтті. Қазақстандық дзюдошылар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен жалпы командалық есепте жарысты 38 ел ішінде 6-орынмен аяқтаған болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама