Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло Правила комментирования
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстандық дзюдошылар Тунистегі Гран-При турнирінің жалпы есебінде бірінші орын алды

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасынан кейін екінші орынға Украина құрамасы ие болды.

IJF
0 пікір
83
22 қаңтар 09:18
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Тунистегі Гран-При турнирінде 2 алтын 3 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Жарыстың екінші күні (сенбі) 73 кг-ға дейінгі салмақта Жансай Смағұлов топ жарды. Ол алғашқы белдесуінде ресейлік Георгий Шмаковты, ширек финалда француз Акус Бенджаминді, жартылай финалда ирандық Мұхамед Мұхамедиді жеңіп шықты. Финалда косоволық дзюдошы Акил Кгожаковты иппонмен жеңді.

90 кг-ға дейінгі салмақта татамиге шыққан Ислам Бозбаев та қазақ елінің абыройын асырды. Алғашқы белдесуінде тунистік дзюдошы Жобран Анені, ширек финалда словак Петер Зилкадан айласын асырды. Жартылай финалда чех балуаны Дэвит Кламмерті жеңіп, финалға жолдама алды. Шешуші финалда отандасымыз венгриялық Тоц Кристианды таза жеңіспен ұтып, ел қоржынына екінші алтынды салды. Қазақстандық спортшы Гран-При турнирінде екінші рет жеңімпаз атанып отыр. Ислам 2013 жылы Алматыда өткен жарыста жеңімпаз атанған болатын.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапында Ғұсман Қырғызбаев (60 кг), Ерлан Серікжанов (66 кг) пен Виктор Демьяненко (-100 кг) қола жүлдегер атанды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасынан кейін екінші орынға Украина құрамасы ие болды. Олар 2 алтын 2 қола медаль еншіледі. Ал жапондар 1 алтын 2 күміс 6 қола медальмен үштікті түйіндеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу
Ұтыс тігу жасау
0 комментариев
83
22 қаңтар 09:18
Новости