Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын 3 медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы сапында 20 дзюдошы аттанған болатын.


fdk.kz
fdk.kz
Хорватия астанасы Загребте дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақ дзюдошылары 1 күміс 2 қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды дзюдо федерациясының ресми сайты.

Загребтегі аламанға әлемнің 82 елінен 630-ға жуық спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы сапында 20 дзюдошы аттанған болатын.

Қыздар арасында 44 кг-ға дейінгі салмақта Абиба Әбужақынова күміс медальға ие болды. Финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, шешуші белдесуде жапон қызы Нина Кубойға есе жіберіп алды.

Ерлер арасында Бауыржан Нарбаев (55 кг) пен Дидар Хамза (73 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.

Командалық белдесуде Қазақстан құрамасы 5-орын алды.

Жалпы медаль саны бойынша Жапония жастар құрамасы көш бастады (8 алтын, 2 күміс, 4 қола). Екінші орынға Әзірбайжан дзюдошылары жайғасса (2 алтын, 2 күміс, 1 қола), Ресей құрамасының жастары (1 алтын, 2 күміс, 2 қола) үшінші орынға тұрақтады. Қазақстан жастар құрамасы 9-орыннан көрінді.
  Пікір: 0
  0