Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Сметов ширек финалда сүрінді, Галбадрах жартылай финалда

Бүгін Будапеште дзюдодан әлем чемпионаты басталды.


Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Венгрияның астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ширек финалда сүрінді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

2015 жылы әлем чемпионы атанған отандасымыз әлем біріншілігінің бірінші айналымында Мозамбик елінің дзюдошысы Неусо Сигокадан айласын асырса, екінші айналымда бразилиялық Эрик Такабатакеден басым түсті. Үшінші айналымда Сметов ирандық Мохаммад Рашнонеждданан үстем түскен еді. Бірақ ширек финалда отандасымыз сүрінді. 

Жартылай финалдың жолдамасын беретін белдесуде қазақстандық дзюдошысы әзірбайжан елінің намысын қорғайтын Орхан Сафаровпен кездесті. Белдесу тең дәрежеде өтті. Бірақ Сметов ережені көп бұзды. Сөйтіп, белдесудің аяқталуына 30 секундттай қалғанда отандасымыз үшінші шидоны алып, жеңіліп қалды. 

Ерлер арасындағы 60 келіге дейінгі салмақта әлем біріншілігінде бағын сынап жатқан тағы бір отандасымыз Ғұсман Қырғызбаевта ширек финалдан аса алмады. Ол чех жігіті Павел Петриковтан ұтылды. Енді екі дзюдошымыз жұбаныш белдесуінде өнер көрсетеді. 

Будепештегі әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына Отгонцецэг Галбадрах олжа салуы мүмкін. 48 келіге дейінгі салмақта белдесетін балуынамыз жартылай финалға шықты. 

Іріктеуде ол италиялық Франческа Милани, украиналық Дарья Белодед, ширек финалда израильдік Ноа Минскерден үстем болды. Жартылай финалда Галбадрах жапон қызы Фуна Тонакимен кездеседі. 

Айта кетейік, жұбаныш белбесулері мен финалдық белбесулер Астана уақыты бойынша 20:00-де басталады. 





  Пікір: 0
  0