Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Бүгін дзюдодан әлем чемпионаты басталады

126 елден 731 дзюдошы қатысатын жылдың ең маңызды додасында еліміздің намысын 18 дзюдошы қорғайды.


worldjudo2017.com
worldjudo2017.com
Бүгін Венгрия елінің астанасы Будапештте дзюдодан әлем чемпионаты басталады. 126 елден 731 дзюдошы қатысатын жылдың ең маңызды додасында еліміздің намысын 18 дзюдошы қорғайды.

Бүгін ерлерден - 60 келі, әйелдерден 48 келі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар анықталады. Аталған екі салмақта Қазақстан ұлттық құрамасынан 3 дзюдошы шығады. Олар: Елдос Сметов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) және Галбадрах Отгонцэцэг (48 келі).

Жеребе бойынша Елдос Сметовтың алғашқы қарсыласы - Нэусо Сигаукие (Мозамбик), Ғұсман Қырғызбаев франциялық Ривол Кедрикпен кездеседі. Ал Отгонцэцэг Галбадрах әлем чемпионатын екінші айналымнан бастайды. Қарсыласы – Италия спортшысы Милани Франциска.

Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі Астана уақытымен 14.00-де басталады. Финалдық белдесулер сағат 20:00-де басталады. "Qazsport" арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, дзюдодан әлем чемпионаты 3 қыркүйекке дейін жалғасады.
  Пікір: 0
  0