Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Дзюдодан әлем біріншілігі. Қазақстан құрамасының қоржынында 2 жүлде

Дзюдодан әлем біріншілігі. Қазақстан құрамасының қоржынында 2 жүлде


9-13 тамыз күндері Чилидің Сантьяго қаласында дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 64 елінен 428 жас спортшы қатысқан әлем біріншілігін Қазақстан кадеттер құрамасы 1 күміс және 1 қола медальмен медаль саны бойынша 12-орынмен аяқтады.

60 келіде белдескен отандасымыз Нұрзат Сәлімбаев жарыстың екінші күнінде ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. Нұрзат Сәлімбаев алғашқы белдесуінде Алижандро Ретималды (Чили), екінші айналымда Курбонали Базаровты (Тәжікстан), 1/8 финалда Томас Коузо Аспитианы иппонмен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда моңғол дзюдошысы Нармандах Баянмухты иппонмен жеңіп, финалға шыққан болатын. Финалда ресейлік Казбек Нагушевке есе жіберіп, күміс медальға ие болды.

81 келіде татамиге шыққан қазақстандық дзюдошы Серікболсын Шынтас ел қоржынын қола медальмен толықтырды. Ол жұбаныш белдесуінде тайпейлік Хсу Шиенанды иппонмен жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Маңызды доданың қола медалі үшін тәжікстандық балуан, кадеттер арасында Азия чемпионы Джохонгир Маджидовты иппонмен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Кадеттер арасында әлем чемпионатында бірінші орында 12 медальмен Жапония құрамасы (3 алтын, 2 күміс, 7 қола), екінші орында 8 медальмен Германия құрамасының спортшылары (3 алтын, 1 күміс, 4 қола), үздік үштікті 6 медальмен (2 алтын, 1 күміс, 3 қола) Ресей құрамасының спортшылары аяқтады.

Командалық сайыста Қазақстан кадеттер құрамасы алғашқы айналымда Ресей құрамасына жол беріп, жүлдесіз қалды. Әлем чемпионатының командалық сайысындағы үздік үштік мынадай: І орын – Ресей, ІІ орын – Бразиялия, ІІІ орын – Жапония.
  Пікір: 0
  0