auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Дзюдошыларымыз Азия біріншілігінен жеті жүлде олжалады

Дзюдошыларымыз Азия біріншілігінен жеті жүлде олжалады
Қытайдың Гонконг қаласында дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Жарыстың алғашқы күні Отгонцецег Галбадрах пен Елдос Жұмаханов күміс, ал Жансай Смағұловтың күміс медальді иеленгені жайында біз бұған дейін де хабарладық. Келесі күні қоржынымыз тағы төрт жүлдемен толықты.

100 келі салмақ дәрежесінде бел­дескен Максим Раков сегіз жыл бұрынғы нәтижесін қайталап, Азия чемпионы атанды. Біраз уақыт бойы бағы жанбай жүрген даңқты балуанымыз бұл жолы моңғолиялық Жаншивдорж Бундорж, өзбекстандық Шерәлі Жораев және кореялық Ким Хуеншолды ұтып, қазақстандық жанкүйерлерді қуантты. 90 келі салмақтағы Ислам Бозбаев та бастапқыдағы үш қарсыласын қапы қалдырды. Бір жарым жылдық үзілістен соң ұлттық команда сапына қайта оралған қандасымыз қырғызстандық Шахиер Ыдырысов, өзбекстандық Шахзодбек Сабыров және кореялық Гвак Донгханды жолынан ығыс­ты­р­ғанымен, финалда Тәжікстан­ның мықтысы Комроншох Устипиренға есе жіберді. Әйелдер сайысында Зере Бектасқызы мен Гүлжан Исанованың жеңіс тұғырына көтерілуге күш жігерлері жетті.

Сөйтіп, биылғы жылғы құрлықтың басты додасын Қазақстан құрамасы
1 алтын, 3 күміс және 3 қола медальмен қорытындылады. Еліміздің ерлер командасы жалпы есепте үшінші орынды иеленді. Алдымызда – Оңтүстік Корея (3 алтын+1 күміс+1 қола) мен Жапония (2+1+3). Сондай-ақ үздік бестіктің қатарына Тәжікстан (1+0+0) мен Иранның (0+2+0) балуандары қосылды. 1 күміс пен 2 қола медальді иеленген Қазақ елінің қыздары командалық есепте Қытаймен бірге төртінші және бесінші орындарды өзара бөлісті. Үздік үштіктің қатарында Жапония (6+0+0), Моңғолия (1+2+2) және Оңтүстік Корея (0+3+6) дзюдошылары бар.
Гонконгта өткен Азия чемпио­натында жеңімпаз атанған балуандар:

Ерлер: 60 келі – Наохисо Такато (Жапония), 66 келі – Ан Баул (Оңтүстік Корея), 73 келі – Ан Чангрим (Оңтүстік Корея), 81 келі – Сотаро Фуживаро (Жапония), 90 келі – Комроншох Устипирен (Тәжікстан), 100 келі – Максим Раков (Қазақстан) және +100 келі – Ким Сунгмин (Оңтүстік Корея).

Әйелдер: 48 келі – Уранцецег Мұңбат (Моңғолия), 52 келі – Ай Шишиме (Жапония), 57 келі – Цукаса Йошида (Жапония), 63 келі – Нами Набекура (Жапония), 70 келі – Юко Оно (Жапония), 78 келі – Шори Хамада (Жапония) және +78 келі – Нами Иномори (Жапония).
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама