Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Ислам Бозбаев Бакуде алтын алды

Қазақ дзюдошысы Ислам Бозбаев Бакуде өткен Үлкен дулыға санатындағы халықаралық Гран-При турнирінде жеңімпаз атанды.


ippon.org
ippon.org
Қазақ дзюдошысы Ислам Бозбаев Бакуде өткен Үлкен дулыға санатындағы халықаралық Гран-При турнирінде жеңімпаз атанды. Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта қарсыластарының барлығын жеңді.

Ислам Бозбаев бірінші айналымда Әзірбайжан спортшысы Мырзаев Асланды иппонмен, екінші белдесуінде нидерланд Ван Тенд Ноелді жеңді. Жартылай финалда Турал Сафгулиевті ұтты. Финалдық кездесуде Әзірбайжан дзюдошысы Мехдиев Маммадалимен белдесті. Белдесу барысында екі ескерту алған отандасымыз татамидегі тартыс аяқталғанша екі вазари ұпайын иелене білді. Нәтижесінде 90 келіге дейінгі салмақта жарыс жеңімпазы атанды.

25 жастағы қазақ дзюдошысы 2013 жылы оқ тиіп, жарақат алған болатын. Кейіннен спорттағы жолын жалғастыра білді. 2015 жылы Астанада өткен әлем чемпионатынан кейін ұлттық құрамадан шеттетілген еді. Екіжылдық үзілістен кейін спортшы Бакуде топ жарып отыр. Дзюдошы осы жеңісі арқылы IJF рейтингінде 93-орыннан 15-орынға көтерілді.

Бакудегі жарысқа Қазақстан құрамасы сапында 14 дзюдошы қатысты. Ғұсман Қырғызбаев (60 келі), Севара Нышанбаева (57 келі), Зере Бектасқызы (70 келі) мен Альбина Амангелдиева (78 келі) бесінші орын алды.

Жүлделер саны бойынша Қазақстан құрамасы бір алтынмен 31 ел ішінде 8-ші орын алды.
  Пікір: 0
  0