Қазақ қыздары көгалдағы хоккейден Азия кубогін иеленді

©twitter.com/asia_hockey

Көгалдағы хоккейден қыздар арасында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия Кубогінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Талдықорғанда өткен сары құрлық додасында жерлестеріміз Тайбэй командасын 7:2 есебімен ұтты.

Қазақстан мен Тайбэйден бөлек, бұл жарыста Өзбекстан, Тәжікстан, Гонконг және Индонезия командалары болды.

Алғашында қазақ қыздары Тәжікстан командасын 18:0 есебімен ұтса, Индонезия құрамасын 5:0 есебімен тізе бүктірді. Сонымен қатар, Тайбэй командасынан 0:2 есебімен ұтылып, артынша Гонконг (7:0) пен Өзбекстаннан (2:0) келген қатарластарын жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport