"Барыс" Скабелка кеткеннен кейінгі матчте жеңіске жетті

©"Барыс" ХК

 Астаналық "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионатының матчінде "Тракторды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Астанада өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. 18-минутта Всеволод Логвин есеп ашты. Екінші таймның 26-минутында Аркадий Шестаков астаналықтардың есебін еселей түсті.

Екінші кезеңнің соңғы минутында Чарльз Робинсон "Трактор" үшін бір гол салды, осыдан кейін есеп өзгермеді.

Бұл қазақстандық клубтың белоруссиялық маман Андрей Скабелканың қызметінен кеткеннен кейінгі алғашқы матчі. Қазір бас бапкер міндетін Ғалым Мәмбеталиев атқаруда. Бұл ойынға дейін "Барыс" қатарынан бес рет ұтылған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport