"Барыс" Конференция көшбасшысын ұтты

©"Барыс" ХК

"Барыс" ХК Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатының матчінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Андрей Скабелка жаттықтыратын команда Уфада жергілікті "Салават Юлевпен" кездесіп, Шығыс конференциясы көшбасшыларының бірін 2:0 есебімен ұтты. 

Ойындағы бірінші голды Егор Петухов салды, ал матч аяқталарға бірнеше минут қалғанда Аркадий Шестаков есепті еселеді. 

"Барыс" осы жеңістен кейін "Шығыста" сегізінші орынға көтерліп, ҚХЛ-дің плей-офф кезеңіне өтуге мүмкіндік беретін орынға оралды. "Салават Юлаев" екініші орында қалды

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport