"Барыс" ҚХЛ матчі алдында бір ойыншыдан айрылды

©Барыс ХК

"Барыс" шабуылшысы Майкл Шапю құрлықтық хоккей лигасы аясында "Автомобилист" командасына қарсы матчта мұз айдынға шықпауы мүмкін. Клуб жарақат алған ойыншылар тізімін жариялады.

"Жарақат алған хоккейшілер арасында Никита Михайлис бар. Сонымен қатар, Уфадағы матчта жарақат алған Майкл Шапю ойнамауы мүмкін", - делінген клубтың ресми сайтында.

Еске салайық, бүгін "Барыс" Екатеренбургте "Автомобилистпен" кездеседі. Шапю бір айдың ішінде осымен үшінші рет жарақат алып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport