"Барыс" Қазанда "Ақ Барыстан" ұтылды

©

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті ойынында "Барыс" Қазанда "Ақ Барысқа" есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойында мұз айдын иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші кезеңде Дмитрий Воронков "Ақ Барысты" алға шығарды, 19-минутта Антон Сагадеев есепті теңестірді. 

"Ақ Барысқа" жеңіс сыйлаған шайбаны үшінші кезеңде Михаил Глухов соқты. 

"Барыс" сырт алаңда тағы екі ойын өткізеді. 3 ақпан күні Мәскеуде "Динамоға" қарсы және 5 ақпанда ЦСКА-мен ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport