"Барыс" Гагарин Кубогінде күтпеген жерден жеңіске жетті

©hcbarys

Елорданың "Барысы" Гагарин Кубогінің плей-офф раундында Магнитогорск қаласының "Металлургін" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Кездесудің екінші айналымында Томаш Юрчо есеп ашса, үшінші кезеңде дубль авторы атанды. "Барыс" сапында Юрчодан бөлек Якоб Лилья да ерекшеленді.

Осылайша, дәстүрлі турнирдің ширек финалында Юрий Михайлистің ойыншылары қонақта күтпеген жерден ресейлік команданы ұтып отыр. Магнитогорскідегі екінші ойын 3 наурызға жоспарланған.

Еске салайық, "Металлург" Шығыс конференциясында биылғы маусымды бірінші орында аяқтаса, "Барыс" Шығыс конференциясында сегізінші орынға табан тіреген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport