"Барыстың" бапкерлер штабы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатының кезекті турнесіне команда сапында аттанатын ойыншылар тізімін жариялады, - деп хабарлайды клубтың сайты.
Турне барысында команда үш ойын өткізеді:
23 қараша (жұма), Хельсинки. "Йокерит" - "Барыс", 22:30;
25 қараша (жексенбі), Ярославль. "Локомотив" - "Барыс", 20:00;
27 қараша (сейсенбі), Череповец. "Северсталь" - "Барыс", 22:30.
Матчтардың басталуы Астана уақытымен көрсетілген. Бұл кездесулерді Qazsport арнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Ойыншылыр тізімі:
қақпашылар: Доминик Граховина, Хенрик Карлссон, Владимир Крамарь;
қорғаушылар: Кевин Даллмэн, Даррен Диц, Константин Климонтов, Александр Липин, Мадияр Ибрайбеков, Алексей Маклюков, Валерий Орехов, Кирилл Полохов, Максим Семенов;
шабуылшылар: Павел Акользин, Әлихан Әсетов, Дастин Бойд, Кертис Волк, Дмитрий Гренц, Дмитрий Гурков, Ярослав Евдокимов, Никита Михайлис, Егор Петухов, Кирилл Панюков, Антон Сағадеев, Роман Старченко, Фрэттин Мэттью, Дмитрий Шевченко.
Жарнама