"Спартактың" YouTube арнасындағы "Силовой прием с Юлией Ушаковой" бағдарламасының жүргізушісі Instagram желісіне тағы да жалаңаш түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды
"Спорт-Экспресс".
Оның сөзінше, ақыры сексист деп айыпталғандықтан суреттерді еркін жариялай бермек.
"Қайырлы таң. Мені халықаралық БАҚ сексист деп айыптап қойды, сондықтан мұндай суреттерді еш қымсынбай жариялай беруге болады", - деп жазыпты ол. - Инстаграммда қалай? Арыдың - суретке түс! Бұлшық ет жинадың ба? Онда тіптен жас бітіміңді неғұрлым көбірек түсіру керек. Оның үстіне сіздер жазушылар қарсы емессіздер. Массаждан тамаша көңіл-күймен шығып келем, сіздерге де соны тілеймін".
Еске салайық, британиялық Daily Mirror басылымы "Спартактың" Юлия Ушакованың суреті бар твитіне назар аударған. Ушакова Instagram желісіне ашық суретін жариялап, астына: "Тобығымды шығарып алдым. Жұмсақ жерімнің астынан бір әжім таптым. Екі тырнағым сынды. Осының барлығы бір күнде", деп жазған.
Ал "Сапартактың" твитінде: "Жүргізушіміз Юлия Ушакова денесінің төменгі бөлігін жарақаттады. "Спартак" шабулдағанды жараланғандар қатарына жатқызды", деп жазылған.
Жарнама