"Барыс" хоккей клубы қазақстандық шабуылшы Талғат Жайлауовпен сынамалық келісімшарт жасасты.
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін астаналық хоккей клубы бұл туралы ресми сайтында мәлімдеп отыр.
ҚХЛ-дің өткен жолғы тұрақты чемпионатында 33 жастағы форвард 43 матч өткізіп, 14 (9+5) ұпай жинаған болатын. Жайлауов "Барыс" намысын 11 жыл қорғап келеді.
Еске салайық, маусым айынан бері астаналық клубты Қазақстан құрамасымен қатар Андрей Скабелка жаттықтыратын болды.
Жарнама