Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатын жарқын жеңіспен бастады
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Венгрия елінің астанасы Будапештте басталған бірінші дивизиондағы әлем чемпионатын жарқын жеңіспен бастады. Отандастарымыз бірінші ойында мұз айдын иелерін 3:0 есебімен ұтты.
Қазақстандық хоккейшілер үш шайбаны да үшінші кезеңде соқты. 44 минутта команданың жас қорғаушысы Валерий Орехов мергендігімен танылды. Араға 57 секунд сала Евгений Рымарев есепті еселеді. 48 минутта ойыншы басымдығын пайдаланған Қазақстан құрамасы Венгрия құрамасы қақпасына үшінші шайбаны енгізді. Евгений Рымарев дубль жасады.
Қазақстан құрамасының қақпасында Хенрик Карлссон тұрды. Еліміздің азаматтығын алған швед ойыншысын IIHF жақында ғана ұлттық құрамамызда ойнауына рұқсат берген еді.
24 сәуір күні қазақстандық хоккейшілер Ұлыбритания құрамасымен ойнайды. Олар бірінші ойында Словениядан басым түсті.
Айта кетейік, бірінші дивизионда бірінші және екінші орын алған құрамалар элиталық дивизионға өтеді.
Жарнама