auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Томирис" хоккей клубы Әйелдер хоккей лигасына қосылуы мүмкін

"Томирис" хоккей клубы Әйелдер хоккей лигасына қосылуы мүмкін
Фото РИА Новости. Кирилл Каллиников©
Қазақстандық "Томирис" хоккей клубы ерлер арасындағы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) аналогы саналатын Әйелдер хоккей лигасына қосылуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне ҚХЛ вице-президенті Георгий Кобылянский айта кетті.

- Біз жарты жылдан бері келіссөздер жүргізудеміз. Өтініш қабылдау басталғалы бері хоккей клубының басшылығы және Қазақстан хоккей федерациясымен жұмыстар жасаудамыз. Қазір қаржы мәселесін қарастырып жатырмыз. Келіссөздер мен атқарылған жұмыстарға қарағанда көп уақыт өтпей "Томирис" біздің жарысқа қосылады, - деп ойлаймын деді Кобылянский.

Бұл жайында "Барыс" хоккей клубының президенті Асқар Шопобаев та өз ойын білдіре кетті.

- Біз Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Александр Мальцевпен келісе отырып, құрамаға кадрлар қажет деген шешімге келдік. Біз қатысу жайында құжаттарды дайындап, өтініш беріп қойдық. Сондай-ақ бюджетті де бекіттік. Алда енді бұл чемпионатқа қатысу жайында үкіметтің келісімін күтіп отырмыз, - деді Шопобаев.

Айта кетейік, осы маусымдағы Әйелдер хоккей лигасына (ӘХЛ) 7 команда қатысуда. Барлығы – ресейлік командалар. Осыған дейін ҚХЛ басшылығы 2022 жылға дейін ӘХЛ жарысындағы командалар санын 10-ға дейін жеткізу жайын айтқан болатын.

"Томирис" командасы қазіргі таңда Қазақстан чемпионатында "Айсұлудан" кейін екінші орында келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама