auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ресейлік екі хоккейші Қазақстан азаматтығын алады

Ресейлік екі хоккейші Қазақстан азаматтығын алады
"Барыс" хоккей клубының ресейлік легионерлері Дмитрий Шевченко мен Алексей Маклюков ұлттық құрамада ойнау үшін Қазақстан азаматтығын алуға құжат тапсырды. Бұл туралы клубтың ресми сайтына берген сұқбатында команданың бас менеджері Ержан Алдабергенов хабарлады.

Дмитрий мен Алексей еолордалық команданың қатарын 2017 жылдың жазында толықтырған еді. Екеуі де Мәскеудің "Динамо" клубы құрамынан келген.

- Ларионов мырза "Барыста" екі ойыншының ғана (Шевченко мен Маклюков) агенті. Екеуі де – жас. "Братина" кубогында ойнап тәжірибе жинаған хоккейшілер. Динамо өткен маусымда осы кубокты жеңіп алды. Олар біздің елдің азаматтығын алып, ұлттық құрама сапында ойнауға асық. Азаматтық алуға құжаттар тапсырып қойды. Келер жылдан бастап ұлттық құрама сапында ойнай алады.

Бұл жігіттер "Барыс" пен ұлттық құрамада негізгі құрамдағы ойыншыларға бәсекелес бола алады. Ал осыған дейін ойнап келген ойыншылар ылғи негізгі құрамда болмайтындықтарын жақсы түсінеді, - деді.

Сондай-ақ Ержан Алдабергенов Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамада ойнаған Мартин Сен-Пьер мен Дастин Бойд жайлы да айта кеткен. Қазір екі хоккейші де "Барыс" сапында ойнамайды.

- Мартин жайында Евгений Геннадьевич айта кеткен болатын. Менің оған алып қосарым жоқ. Хоккейші бірінші құрамда (звено) ойнағысы келді. Ал біз сәтті ойнап жүрген бірінші құрамды бұзғымыз келмеді.

Ол өзі "Адмиралға" ауысу жайлы емеурін танытты. Ол үшін ұзақ мерзімді келісімшарт та қажет болды. Мартин Қазақстан құрамасының ойыншысы болып қала береді. Ұлттық құраманың әлем чемпионатындағы ойындарына қатысады.

Дастин Бойд та ұлттық құрамадағы жолын жалғастырғысы келеді. Ол "Барыстың" Мәскеу мен Астанадағы ойындары кезінде Әнұран орындалғанда қолын жүрек тұсына қойып тұрады. Оның құрамаға келуі командасының Гагарин кубогында қандай межеге жететініне тікелей байланысты болмақ, - деді.

Айта кетейік, осыған дейін "Барыс" хоккей клубының қақпашысы швед Хенрик Карлссон да Қазақстан азаматтығын алуға құжат тапсырған болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама