"Барыс" шабуылшысы Линден Вей хоккейден Канада құрамасы үшін Карьял кубогында өнер көрсетеді, - делінген астаналық клубтың ресми сайтында.
Осы маусымда Вей құрлықтық хоккей лигасында 31 ойын өткізіп 42 (11+31) ұпай жинады.
Вей қазірде Канада құрамасының сапында швейцариялық Биле қаласында жүр. Бүгін, 8 қарашада Швейцария және Канада құрамалары "Tissot Арена" мұз айдынында ойын өткізеді.
"Барыс" клубының тағы бір форварды Мэтт Фрэттин жарақатына байланысты Канада құрамасы үшін өнер көрсете алмайды.
Жарнама