Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

ҚХЛ президенті Рыспаевқа жекпе-жек ойындарына қатысуға кеңес берді

ҚХЛ президенті Рыспаевқа жекпе-жек ойындарына қатысуға кеңес берді


Құрлықтық xоккей лигасының президенті Дмитрий Чернышенко "Барыстың" бұрынғы ойыншысы Дамир Рыспаевтың айыбын жеңілдетуге қатысты өз пікірін білдірді,

"Енді, бала бір нәрсені бүлдірсе, оны ата-ана ғана кешіре алады. Тәртіптік кеңес болса, Дамир Рыспаевты лига ойындарынан өмір бақи шеттетуді ұйғарды. Себебі "Куньлуньмен" болған матчта ол дұрыс істемеді. Оның әрекеті Халықаралық xоккей федерациясының да, Құрлықтық xоккей лигасының да талаптарына қайшы. Сол кездегі жекпе-жектерді xоккей өнеріне қызығушылықты арттыратын дәстүрлі жекпе-жектерге жатқызуға болмайды. Оны мүлдем басқаша бағалаған дұрыс. Ол өзінің өнерін басқа лигаларда көрсете алады. Білуімше, бұл жерде Fights Nights жекпе-жектері өтеді. Оған сай келетін қарсыластар табылса, өз өнерін мұзда емес, аралас жекпе-жекте көрсетсе болады. Ал осы ойыншының қазіргі тәртібін ескерсек, оның жазасын жеңілдетуге ешқандай себеп жоқ деп ойлаймын" , - деді Чернышенко бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, Бүгін елордада Құрлықтық xоккей лигасы мен "Барыс" клубы арасында жұлдыздар аптасын өткізу туралы келісімге қол қойылды. Осыған орай, Астанаға ҚХЛ президенті Дмитрий Чернышенко келді. Лига басшысы Қазақстаннан екінші клубты қабылдауға қатысты өз ойын да білдірді.


  Пікір: 0
  0