Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Занковец ұлттық құрама мен "Барыстағы" жаттықтырушылық қызметінен кетеді

Беларусь маманы қызметінен кететінін тілшілерге айтқан.


Chelyabinsk.ru
Chelyabinsk.ru
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Барыс" клубының бас жаттықтырушысы Эдуард Занковец қызметінен кетеді. Бұл туралы "Шайба.kz" сайты жазды.

Беларусь маманы қызметінен кететінін тілшілерге айтқан. Жақын уақытта еліне оралып, отбасына көңіл бөлмек екен. Дегенмен Қазақстан хоккей қауымдастығы мен "Барыс" командасы ақпаратты әлі растаған жоқ.

47 жастағы жаттықтырушы "Барыс" тізгінін қыркүйек айында ұстаған болатын. Оның келуімен елордалық клуб құрлықтық хоккей лигасындағы нәтижесін жақсартты. Плей-офф кезеңіне шығып, екінші айналымда Металлургке ұтылды.

Эдуард Занковец ұлттық құраманы 2016 жылдың соңынан бастап жаттықтыра бастады. Киевтегі әлем чемпионатына бастап барып, бес ойынның төртеуінде ұтып (біреуін овертаймда), Оңтүстік Кореяға қарсы ойында ұтылды. Элиталық дивизионға шығу мүмкіндігі өзге құрамалар арасындағы ойыннан кейін шешілетін болады.
  Пікір: 0
  0