Қазақстандық белгілі ауыратлет Илья Ильин үйленді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Спортшының сүйіктісі астаналық кәсіпкер Татьяна Гордиенко. Олар некесін 12 қаңтар Астанада қиыпты.
"Махаббат, шексіз бақыт пен ең мықты ер азаматқа "иә", - дедім деп жазыпты спортшының жұбайы әлеуметтік желіде.
Еске салайық, Ильин екінші рет үйленіп отыр. 2017 жылы ол гандболдан Қазақстан құрамасының мүшесі Наталья Кулаковамен ажырасты. Араларында Милана атты қыздары бар.