Ашхабадта өтіп жатқан ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионатында әйелдер арасында 76 келіге дейінгі салмақта В категориясының жарысы аяқталды, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Бүл жарыста Қазақстан атынан 20 жастағы Екатерина Быкова шықты. Жұлқа көтеруде ол 91 келіні бағындарды, ал серпе көтеруде ең жақсы нәтиже көрсетті - 119 келі. Қос сайыс қорытындысы бойынша Быкова 210 келімен екінші болды.
2018 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық Столяренко В тобында екінші болды
Еске салайық, қазіргі таңда Қазақстан қоржынында екі жүлде ғана. 55 келіге дейінгі салмақта Арли Чонтей
күміс және 75 келіге дейінгі салмақта Надежда Лихачева
қола жүлде иеленді.
Жарнама