auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Спортқа қайта оралған Чиншанло ел чемпионы атанды

Спортқа қайта оралған Чиншанло ел чемпионы атанды
Reuters
Допинг дауына байланысты жаза уақыты аяқталып, спортқа қайта оралған Зульфия Чиншанло Талдықорғанда өтіп жатқан ел чемпионатында топ жарды.

Қазақстандық спортшы жаңа салмақ дәрежесінде бақ сынады. Осыған дейін 53 кг-ға дейінгі салмақта жарыстарға қатысып келсе, жаңа ережеге сәйкес 55 кг-ға дейінгі салмақта жарысқа қатысатын болады.

Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына іріктеу болып саналатын ел біріншілігінде Зульфия Чиншанлоға тең келер қарсылас табылмады. Сәуле Сәдуақасованың нәтижесі ғана жуықтаған. Бірақ ол 59 кг-ға дейінгі салмақта жарыс жолына шықты.

Чиншанло жұлқа көтеру жаттығуын 85 кг-нан бастады. Екінші мүмкіндігінде 84 кг-ды көтерді. Үшінші рет шыққанда 90 кг спортшының ырқына бағынбады.

Серпе көтеру жаттығуында бірінші 115 кг көтерді. Одан кейін 120 кг-ға тапсырыс берді. Алайда екі мүмкіндігінде де бұл салмақты басынан асыра алмады.  Нәтижесінде 202 кг (87+115) көрсеткішпен алтын жүлдені иеленді.

Екінші орын алған Ақмарал Үргембаева (58+76) Зульфиядан 68 кг-ға қалып қойды. Үшінші орынды Камила Острикова (58+75) иеленді.

Айта кетейік, Зульфия Чиншанлоның спорттық жарыстарға қатыспау туралы жаза мерзімі мамыр айының соңында аяқталған болатын. Ел чемпионаты - допинг дауынан кейінгі алғашқы жарысы. Спортшы Ашхабадтағы әлем чемпионатына қатысады деп күтілуде.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
27 маусым 2023, 13:07
Ауыр атлетика
©Kaz Weightlifting Federation Instagram Қазақстандық белгілі атлет өзіне қол салды
16 қаңтар 2023, 14:41
Ауыр атлетика
©Видеодан кадр Илья Ильин үйлену тойынан видео жариялады
13 қаңтар 2023, 09:26
Ауыр атлетика
©Тұрар Қазанғапов Илья Ильин астаналық кәсіпкерге үйленді
26 желтоқсан 2022, 14:22
Ауыр атлетика
©ААФ Астанада "ILYIN IRON CUP" турнирі өтті
10 қазан 2022, 10:35
Ауыр атлетика
©Olympic.kz Чиншанло Азия чемпионы атанды

Жарнама

Жарнама