auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Мен алаяқ емеспін! Ильин сыйақы мен пәтерді мемлекетке қайтарып беруге дайын

Мен алаяқ емеспін! Ильин сыйақы мен пәтерді мемлекетке қайтарып беруге дайын
Илья Ильин. Сурет: сайта zimbio.com
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин ОКҚ-да өткен баспасөз жиыны кезінде айырылып қалған Олимпиаданың екі алтын жүлдесі және сыйақы ретінде алған ақшасы мен пәтерін қайтарып беруге дайын екенін айтып берді, деп жазады Vesti.kz поталы. 

- Сыйақы ретінде алған ақша мен пәтерді қайтарып бергіңіз келмеді ме? Допинг қолданған спортшыларды алаяқ деуге болады ма?

- Мен алаяқ емеспін. Біз күні бойы жаттығу жасап, бір күнде 30 тонна темір көтеріміз. Алаяқ деп басқа адамдарды айтар едім. Біз 9-10 жыл жаттығу жасап, өзімізді шектеп тастаймын. Отбасымызбен бірге тұрмайыз. Ақша туралы айтатын болсақ, біз ақша үшін жаттықпаймыз. Біздің мақсатымыз басқан. Маған көпшіліктің мұндай сұрақ қоятынына таң қаламын. Бір апта бізбен бірге залға барып, жаттығу жасап көріңіздерші. Ол жақта көп нәрсе болады. Оның барлығын ешқандай ақшаға қайтарып ала алмайсың. 

Допинг - спорттың басты проблеммасы. Онда спортшылардың барлығын алаяқ деу керек шығар. Бірақ, бізді бұлай атағандармен келіспеймін. Жүрек ауыруы, омыртқаның жарақаты ... Бұл жарақаттардың барлығын мен алып жатырмын. Жауапкершілік те менде. Ертеңгі күні менің жүрегім ауыру да болатын шығар. Бірақ мен алаяқ емеспін. Егер мемлекет талап етсе, пәтер мен ақшаны қайтарып беруге дайынмын. 

- Алдағы бәсекелерде басты қарсыласыңыз деп кімдерді айта аласыз?

- Олимпиадаға дейін әлі біраз уақыт бар. Біз келесі жылы өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатырмын. Онда мықтылар көп болады. 105 келі салмақта қатыссам үш мықты спортшы. Ресейлік Беджанянды қоссақ төртеу, біздің Александр Зайчиковпен бес мықты зілтемірші болады деп ойлаймын. 64 келі салмақта ирандық әлем чемпионы мықты қарсылас. Егер мен осы салмақта өнер көрсететін болсам, ирандық спортшыны зерттеймін. Егер 105 келіде бақ сынасам, бұл салмақты көрсеткіштері шамалы аздау. Бірақ қарсылас көп. 

- Жаттығуға қайта кіріскен кезде бұрынғы командаңызбен жұмыс істейсіз бе? Әлде жаңа команда жинайсыз ба?

- Бұл сауалды әлі ойланған жоқпын. Сол үшін жауап бере алмаймын. Мүмкін біреу менімен жұмыс істегісі келетін шығар. Алдымен бір жүйені қалыпқа келтіру керек. 

- Сіздің әлемдегі ең ірі спорт киімдерін өндіретін компаниямен келісімшартыңыз бар еді. Қазір де бұл компаниямен шартамаңыз бар ма? Және бір сұрақ. Сіз станозололды қолдандыңыз ба? Бүкіл ел жауапты сіздің аузыңыздан естігісі келеді. 

- Менің "Найк" компаниясымен ешқандай ақша жүзінде жасалған келісімшартым болмады. Олар бізде спорттық киімдерді ұсынып отырды. Егер мен Олимпиаданың жеңіп алатын болсам, олар маған 15 мың доллар береді. Сонымен қатар мен екі жыл LG компаниясымен жұмыс істедім. 

Станозолол жайлы айтатын болсам, бұл жағдайды менің өзім де түсінбедім. Тамақтан түскен дейді. 

- Сіз білмеген станозолол туралы Алексей Нидің білуі мүмкін бе?

- Ол жағын білмедім. 

- Қазір спорттан шеттетілген ресейлік спортшыларға деген көзқарастың оң емес екенін көріп отырсыз. Сіздің Алексей Нимен қарым-қатынасыңыз қандай?

- Достарымның бірде біреуі мен туралы жаман нәрсе айтпайды. Біз барлығымыз бірдей жұмыс істейміз. Достарымның барлығы мені сыйлайды. Кейбіреулерімен жиі хабарласып тұрамыз. Ешқайсысы маған өкпесін айтады. 

Алексей Нимен біз ескі достар ретінде хат алмасып тұрамыз. Оның мен туралы айтқан соңғы пікірі ұнады. Ол менің Олимпиада ойындарына қатысу керектігін айтты. Ол Қазақстандағы ауыр атлетиканың дамуы үшін көп нәрсе істеді. Ол менен үлкен. Мені жас кезімде менеджер ретінде алға сүйреді. 

- Жаттығу жұмыстарына қашан кірісесіз? Ресей спортшылары туралы не айта аласыз? Олардың Олимпиада ойындарына бейтарап тудың астында өнер көрсеткені дұрыс па?

- Жаттығуға қаңтарда кірісетін шығармын. Ал Олимпиада міндетті түрде қатысу керек. Олар өмірінің жартысын жаттығуға арнады. Барып, жеңіске жету керек. Ресейлік жанкүйерлер отандастарына қолдау білдірмейді дейсіз бе? Алтын алу керек. Ол спортшының өзіне әрі елге тиесілі болады. 

- Илья Ильиннің өз мектебі болады ма? Неге бұған дейін ашпадыңыз?

- Мен дайын болмадым. Бірақ мектеп міндетті түрде болады. Болашақта. Қазір жоспарын құрып жатырмын. Спорттан кеткеннен кейін кірісемін. Ол кезде жасым 32-де болады. Жекпе-жек спорт кешені салынып жатыр. Сол жерден орын сұраймын. Мүмкін сонда ашатын шығармын. 

- Илья, 2020 жыл. Сіз тағы да Олимпиаданың жеңімпазысыз. Осылай қиылдап көрдіңіз бе?

- Жоқ. Әзірге ойламадым олай. 

Еске салайық, мұның алдында 29 жастағы Илья Ильин екі жыл бұрын допинг дауына байланысты спортан шеттетілген болатын. 2018 жылдың 10 маусымында шеттеу уақыты аяқталып, спортшының 2020 жылғы Токио Олимпиадасында өнер көрсете алатынын хабарланған болатын.







Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
27 маусым 2023, 13:07
Ауыр атлетика
©Kaz Weightlifting Federation Instagram Қазақстандық белгілі атлет өзіне қол салды
16 қаңтар 2023, 14:41
Ауыр атлетика
©Видеодан кадр Илья Ильин үйлену тойынан видео жариялады
13 қаңтар 2023, 09:26
Ауыр атлетика
©Тұрар Қазанғапов Илья Ильин астаналық кәсіпкерге үйленді
26 желтоқсан 2022, 14:22
Ауыр атлетика
©ААФ Астанада "ILYIN IRON CUP" турнирі өтті
10 қазан 2022, 10:35
Ауыр атлетика
©Olympic.kz Чиншанло Азия чемпионы атанды

Жарнама

Жарнама